Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3826 1 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 12:25

"Нәсілшілдіктің функциясы - назарды басқа жаққа аудару"

Бұл өмірден Тони Морриосон да өтті. Жатқан жерің жайлы болсын, көк көзді болуды қалаған қыз.

5-тамыз күні қайтыпты. Фашизм/нәсілшілдікке байланысты мына бір көзқарасын біздің де күн тәртібімізбен байланысты болғаны үшін бөлісе отырайын.

"Фашизмнің "(нәсілшілдіктің) өте маңызды функциясы бар, ол - назарды басқа жаққа аудару. Адамды әуре етеді. Адамның болмысқа ие болу себебін қайта-қайта түсіндіруіне себеп болады. Мысалы біреуі алға шығып "сенің тілің жоқ" дейді, жиырма жылыңды тіліңнің бар екенін дәлелдеумен өткізесің. Енді бірі шығып, "бассүйегіңнің формасы дұрыс емес" дейді, ал сен дұрыс екенін дәлелдейтін ғалымдарды өсіріп-өндірумен әуре боласың. Болмаған соң біреуі шығып "сендер ешқашан мемлекет құрған емессіңдер" дейді. Мұны да зерттеуге мәжбүрсің. Бұлардың ешбіріне керек жоқ. Не де болса оның айласы таусылмайды. "

Молдияр Ергебектің facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір