Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5146 13 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 11:59

Қазақстан теміржолы не қарап отыр?

Атырауда жұмыс істегеніме осымен 4 жыл болды. Мен үшін ол жақта жұмыс істегеннің бір минусы - жолдың қашықтығы. Ауыл жаққа келіп кету қиын әрі билеттер өте қымбат. Атырауға барғалы пойызға билет алудың маманы болдым. Қандай тарифтер бар, билетті неше күн бұрын алсам арзан болады, қай пойыздардың сервисі жақсы дегендей.

Жалпы мұнайлы Астанадан Алматыға 2 пойыз жүреді. Бірі тальго, екіншісі жай пойыз. Жай пойызға қыста да жазда да міну өте қиын. Қысты күні вагондардағы көмір иісінен уланып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал жаз мезгілінде ыстықтан отыра алмайсыз. Алматыға дейін 52 сағат жүреді. Қысқасы бұл пойыздың жағдайы нашар. Совет үкіметінен қалған ескі пойыз секілді. Соған қарағанда Қазақстан теміржолы басшыларының өздері мұндай пойыздарға мініп көрмейтін сияқты.

Екінші пойыз тальго. Іші өте тар, бірақ жай пойыздан екі-үш артықшылығын атап көрсетуге болады. Купелерде кондиционер, вагондарда диспенсермен су бар және тезірек жүреді. Бұдан басқа артықшылығын көргем жоқ. Алайда билетінің бағасына қарасаң, адам шошиды. Құдды пойыздың ішінде тегін тамақ беріп, жол бойы жанға жайлы қызмет көрсететіндей құн сұрайды.

Билетті мен 45 күн бұрын аламын. Кеше сол Алматы - Атырау бағытына 19 тамызға билет қарасам, бір билеттің құны 32000 тг. 45 күн бұрынғы билеттің бағасы осы. Бағалары сұмдық енді. Және, бұл билеттер күн сайын қымбаттай береді. Жақындаған уақытта билет алғыңыз келсе, жәй ғана купеге шамамен жоқ дегенде 50000 теңгеге билет алуға тура келеді. Ал былтыр дәл осы уақытта сол билеттер 19000 тг болған. Сонда бір жыл ішінде билет бағасы 68%-ға қымбаттап кеткен. Олай бағасының аспанға шарықтауының себебі неде екен? Ешқандай жаңа қызметтер қосылмаған, сол бұрынғы жол серіктер, сервис тұрғысынан даму жоқ. Керісінше пойыздар ескірген, туалеттерінен жағымсыз иіс вагондарға шыға бастаған. Халықтың да айлығы бір жылда 70%-ға көтерілмеді.

Жалпы қарапайым Қазақстанның азаматы ретінде қатты қынжылдым. Біз әйтеуір бірнәрсе етіп билет алармыз. Бірақ мүмкіндігі жоқ адамдар не істейді? Оны ойлайтын, xалыққа шынайы қызмет ететін Қазақстан ТемірЖолы қайда екен?

Әбіләзім Абылайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір