Сенбі, 27 Сәуір 2024
2951 0 пікір 12 Шілде, 2019 сағат 11:15

Мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Abai.kz

0 пікір