Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4358 5 пікір 4 Шілде, 2019 сағат 13:14

Арыстағы апатқа Президенттен бастап кешірім сұрауы тиіс еді...

Осындай безбүйрек шенеуніктерге біз шынымен лайықпыз ба???

Үш адам қайтыс болды, мыңдаған адам үйсіз-күйсіз, босып кетті, төбелерінен снаряд жауды, әке мен ана балаларын жоғалтты, Арысқа оралғандардың көпшілігі бүгінде баспанасыз қалған... Кімнің кесірінен?

Сәбет одағынан қалған ескі қару-жарақты адамдардан алыс алып кетпегендердің кесірінен. Соңғы он жылда бірнеше рет жарылыс болса да, селт етпеген құзырлы органдардың кесірінен. Жемқорлық жайлаған жүйенің кесірінен. Қызметіне салақ қарайтын әскерилердің кесірінен.

Ал қорғаныс министрі Ермекбаев кешірім сұрамады. Табиғатқа жапты бар кінәні. Негізі Президенттен бастап Үкімет түгел бірден кінәларын мойындап, кешірім сұрауы тиіс еді.

Адамдарға адами қатынас талап еткенің үшін кейде өзіңді ақымақ сезінетінің жаман...

Нәзия Жоямергенқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір