Жұма, 20 Қыркүйек 2019
2194 8 пікір 29 Маусым, 2019 сағат 15:21

Атырауда төбелескен жұмысшыларға облыс әкімі бара жатыр

29 маусым 2019 жылы, сағат 11:00 шамасында "Теңіз" вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында «Whatsapp» желісіне қойған суретіне наразылықтарын білдірген.

Суретте Eli Daoud қолына рация қүралын ұстап тұр, рация антеннасы қызға қарай бағытталған.

Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды. Жұмысшылармен кездесуге облыс әкімі, ПД басшылығы, ҰҚҚД, облыс прокуроры ұшып кетті.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

8 пікір