Жұма, 26 Сәуір 2024
5143 15 пікір 10 Маусым, 2019 сағат 18:24

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі заңды деп ойлаймын»

Елімізде кеше ғана өткен Президенттік сайлаудың демократиялық тұрғыда жоғарғы деңгейде өтуі басқа елдерге үлгі болды деп санаймын. Сайлауға түскен барлық үміткерлерге мемлекет тарапынан заңға сәйкес бірдей жағдай жасалды. Үміткерлер халықпен кездесіп, өз жобаларын жеткізді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлаудағы жеңісі заңды деп ойлаймын. Өйткені ол халықтың ойынан шыға білген, халықаралық деңгейдегі дипломат, қайраткер, мемлекетіміздің барлық жағдайын білетін, халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, үлкен өмірдің мектебін өткен саясаткер. Мен Сенат депутаты болғанда, басқа қызметтерді атқарғанда да Қасым-Жомарт Кемелұлы мәдениетті, білімді, өзіне ғана тән адамгершілігі, іскерлік қасиеттері бар биік тұлғалы азамат екенін байқадым.

Осыған орай, Қ.Тоқаевты бүгінгі жеңісімен Алматы қаласы ғалымдар қауымдастығы атынан шын жүректен құттықтаймыз.

Бижанов Ахан Құсайынұлы

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
және дінтану институтының
директоры, с.ғ.д, профессор

Abai.kz

15 пікір