Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 7915 5 пікір 24 Мамыр, 2019 сағат 11:17

Отандық өнім - «Saiman – Zenner» газ санауыштары туралы не білесіз?

«Бүгін біз жаһандық нарық заманында өмір сүреміз. Егер біздің отандық өнім сатылмайтын болса, онда кіріс те болмайды. Бұл ереже барлық салаға ортақ. Өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да, бизнеске де қатысты».

Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Иә, отандық өнім - ол біздің өнім. Отандық өнімді қолдау арқылы ғана біз елдегі экономикалық ахуалды жақсартып қана қоймай, әлеуметтік проблемаларды да шеше аламыз.

Әлемде күштілері ғана жеңіске жететін өндірісшілердің көзге көрінбес «соғысы» жүріп жатыр. Соғыста күштілер жеңетіні ақиқат болса, нарықта кімнің өнімі бәсекеге қабілетті, бағасы мен сапасы тұтынушының көңілінен шықса, соның өнімі өтімді болмақ.  Мемлекет басшысы да тауарлардың импортын азайтып, өзімізде өндіруге болатын заттарды өзіміз өндіріп, экспорт көлемін ұлғайту қажеттігін айтудан кенде емес.

«Корпорация Сайман» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де отындық өнім өндіріп отырған  үлкен ұжым. Бұл серіктестік неміс сапасымен жасалған отандық «Сайман» санауыштарын жасап шығарумен айналысады.

Жақсы, үнемшіл құралдар ешқашанда жарнаманы қажет етпейді десек те, сол жарнаманы жасау керек болса, әрине отандық өндірушілерге жасаған абзалырақ. «Сайман» электрсанауыштары сіздерді артық төлемнен құтқарады. Себебі, сапасы нарық талабына сай.

Біз бүгін отандық өндірістің көшбасшыларының қатарында келе жатқан «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Ақжанов Ж.Қ. мырзадан жоғарыда аталған үнемшіл газ санауыштардың артық-кемі туралы егжей-тегжейлі сұрап білдік.

Қазақстан нарығында 27 жылдан бері халыққа сапалы және қолжетімді электрсанауыштар (счетчик) ұсынып, тұтынушыларының сұранысына ие болып жүрген «Сайман» компаниясы жақында тағы бір жағымды жаңалығын жұртшылыққа жариялады.

Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің көшбасында тұрған Германия мемлекетінің атақты ZENNER атты брендімен бірлесе отырып жасалған «Saiman – Zenner» газ санауыштарының отандық өнімдерін өндіріп, тұтынушыларға ұсына бастады. Қазіргі қымбатшылық кезеңде газды пайдаланушы азаматтар, жеке кәсіпкерлер немесе компаниялар жалпы тарифпен төлегеннен гөрі, нақты пайдаланылған газ өнімі үшін тиісті соманы төлегенді қалайды.

Мәселен, сіз санауышыңыз болмаса газ отынын  пайдаланған көлеміне қарамай белгілі бір соманы төлеуге міндеттісіз. Ал, бұл өте тиімсіз, көпшілігімізге соншама ұнамайтыны ақиқат. Ал, «Сайман» зауыты ұсынып отырған газ санауыштары аталмыш мәселенің бірден-бір нақты шешімі десек қателеспейміз.

Көлемді диафрагмалық газ санауыштары СГ-G1,6-01-Д, СГ-G4-01-Д және СГ-WG6-01-Д болып бөлінеді.

СГ-G1,6-01-Д санауышы пәтерлерге қолдануға арналған, СГ-G4-01-Д және СГ-WG6-01-Д болса жер үйлерде немесе кәсіпорындарда қолданылады.

Санауыштардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген және өзінің техникалық сипаттамаларымен СТ РК ГОСТ Р 50818-2016 талаптарына сәйкес келеді.

Газ санауышы үш негізгі құраушыдан тұрады:

  • ұнтақ жабындымен қапталған гальвандалған болаттан жасалған ауа өткізбейтін корпус;
  • өлшем механизмі;
  • есептеу құрылымы.

Корпустың қаптамасы санауышты қолданған кезде ұшқынның пайда болуынан қорғайды және тот басудың алдын алады. Механизмнің бөлшектері химиялық әсерлесу үрдісіне шыдамды пластмассадан жасалған.

«SAIMAN-ZENNER» газ санауыштарының тамаша ерекшеліктері де баршылық:

* Сақинасы тот баспайтын болаттан жасалған.

* Есептеу механизмі артқа жүруден және өз өзінен жүруден қорғалған.

* Температураға байланысты газ есептеуін түзетеді.

* EFFBE мембраналары (Франция) қолданылады.

* Есептеу механизміне мембранадан айналым магниттік жетек арқылы беріледі. Осылайша мембрана мен сыртқы есептеу механизмі арасында механикалық байланыс жоқ.

* Санауыштардың ауа өткізбейтін корпусы жоғары сапалы болаттан жасалған.

* Корпустың қаптамасы санауышты пайдаланған кезде ұшқынның пайда болынан және тот басудан сақтайды.

* Қашықтан деректерді алу сенсорларын қолдану мүмкіндігі.

* Жеңіл салмақты, тартымды сырт көрінісі.

Жоғарыда аталған газ санауыштарын кез келген жеке тұлға да, заңды тұлға да өз қалауы бойынша пайдалана алады. Егер сіз артық шығынсыз, үнемшіл болғыңыз келсе көп ойланбастан SAIMAN-ZENNER газ санауыштарына таңдау жасаңыз. Қазақстан нарығында 27 жыл бойы сапалы да тиімді құралдарын ұсынып, ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген «Корпорация Сайман» ЖШС өнімдері туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе хабарласыңыз: +7 727 3385188 ішкі нөмірі 302, 304 www.saiman.kz

Abai.kz

5 пікір