Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3391 4 пікір 16 Мамыр, 2019 сағат 12:10

Қайда қашып құтыламыз?

Алматы сасып кетті! Масқара қайда тығыламыз?

Төтенше жағдай департаменті қоқыс жанған полигонда ешкім зардап шеккен жоқ деп ақпарат таратты.

Ал мен және балаларым түтінге тұншығып қалдық. Зардап шегушілер тізіміне еніп, жергілікті билік назарын аудару үшін денеміз күйіп, міндетті түрде мүлік өртену керек пе?

Терезені ашып, қолаңса иістен тұншығып, жүрегім айнып отыр. Қаланы жайлаған иіске шыдау мүмкін емес. Экологтар қайда?

Ауаға тараған түтіннің зияны қаншалықты денсаулыққа қауіпті? Одан қалай сақтануымыз керек?

Неге ешкім ешқандай кеңес бермейді? Табиғат қорғаушылар неге үнсіз? Көк түтін жайлаған ауаның құрамында қандай заттар бар? Неге зерттемейді, жұртқа ақпарат бермейді?

Қалдықтар өртенген полигон неге қалаға жақын орналасқан?
Мынау енді масқара! Қайда қашып құтыламыз?

Жазира Бегалының facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір