Сенбі, 27 Сәуір 2024
2852 1 пікір 16 Мамыр, 2019 сағат 09:44

Есенғали Раушанов ТМД сыйлығын алды

Түрікменстан астанасы Ашғабат қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдердің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының XIV форумы аясында мамырдың 15-і күні көрнекті ақын, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының «Достастық жұлдыздары» («Звезды Содружества») мемлекетаралық сыйлығымен марапатталды.

Сыйлық құрылтайшысы, ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының арнайы мәлімдеуінше, аталған сыйлықтың табыс етілуі Е.Раушановтың мәдениет және өнер саласындағы жасампаз еңбегі мен жетістіктерін ТМД елдерінің жоғары бағалайтынын көрсетеді.

Abai.kz

1 пікір