Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3951 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 01:12

Әбдіуақап Қара:«Түркі бірлігінен ешкім қорықпайды, бірақ қаламайды»

Дүниежүзілік Қазақ құрылтайы қарсаңында Түркі академиясының мәслихатына қатысқан түркиялық қазақ, алаштанушы ғалым  Әбдіуақап  Қарамен жолығып, оның ой-пірікін оқырмандармен таныстырудың жолы түскен еді.

- Әбеке, Түркі академиясының жиынына түскен екенсіз, ол туралы қандай пікірдесіз?

- Бұл Н.Назарбаевтың былтырғы 3 қазанда Нахичевандағы түркі мемлекеттерінің басшылары біріккен жиында айтқан бастамасы еді, өзі кірісіп құрыпты.Сол күн бір жағынан Түркі халықтарының ынтымақ күні аталды, оны Түркілер күні десек те болады. Бұл Академия - өте маңызды жоба. Бұл - кешегі қырғиқабақ соғыс кезінде туындаған пантүркизм деген ойдан шығарылған идеологияға қарсы бүгінгі жауап. Ол кезінде түркілердің бірігуіне алаңдаған нәрсе еді...

- Неге алаңдайды? Түркілердің бірігуінен әлем неге қорықты?

Дүниежүзілік Қазақ құрылтайы қарсаңында Түркі академиясының мәслихатына қатысқан түркиялық қазақ, алаштанушы ғалым  Әбдіуақап  Қарамен жолығып, оның ой-пірікін оқырмандармен таныстырудың жолы түскен еді.

- Әбеке, Түркі академиясының жиынына түскен екенсіз, ол туралы қандай пікірдесіз?

- Бұл Н.Назарбаевтың былтырғы 3 қазанда Нахичевандағы түркі мемлекеттерінің басшылары біріккен жиында айтқан бастамасы еді, өзі кірісіп құрыпты.Сол күн бір жағынан Түркі халықтарының ынтымақ күні аталды, оны Түркілер күні десек те болады. Бұл Академия - өте маңызды жоба. Бұл - кешегі қырғиқабақ соғыс кезінде туындаған пантүркизм деген ойдан шығарылған идеологияға қарсы бүгінгі жауап. Ол кезінде түркілердің бірігуіне алаңдаған нәрсе еді...

- Неге алаңдайды? Түркілердің бірігуінен әлем неге қорықты?

- Менше, ешкім қорықпайды. Мұның бәрі ойын сияқты. Ол - бізді біріктірмеудің амалы. Біздің бірігуімізден кімге зиян? Ешкімге де зиян жоқ. Бірақ біз бірігетін болсақ, түркілік ресурстарымыз бен байлықтарымызды әлгілер игере алмайтын болады, ол өзімізге игілік болар еді. Сондықтан түркофобияны қолдан жасап, пантүркизм деген идеологияны жария етті. Бірікпесін, біріксе де жалтақтап, бізсіз тәуелсіз әрекет етпесін деген пиғыл. Бұл бұрыннан келе жатқан әдіс. Мысалы, Еуропа одағы кімге зиян келтіреді? Ешкімге де. Түркі дүниясы өзара біріксе, рухани және материалдық құндылықтарды өз халқы көрсе, жаман болмайды.Бірақ оны басқалар қаламайды.

Сондықтан мына Түркі академиясы сондай орынсыз жайттарға тойтарыс беретін бірден бір мекеме! Бұл бауырлас халықтардың өзара түсінісуін, өзімізді тануымызды бірігіп қолға алатын мүмкіндік. Біз ғасырлар бойы өзімізді өзгелердің нұсқауымен танып келе жатқан халықпыз.Әлі де тілден, тарихтан кенже қалып келеміз. Енді бұған тосқауыл, кедергі жоқ, бірақ осы орайдағы өреміз жетпей жүр. Осыған ғылыми жағдай жасау керек. Әйтпесе, біз ешкімнен кем емеспіз.

Бұл академия түркілік руханиятты зерттеу үшін ғалымдарға жағдай мен мүмкіндік жасауы керек. Ғылым арзан нәрсе емес, оңай әрі жеңіл жұмыс емес. Қаржыны аямай бөлу керек. Егер ақша бөлмесек,ғылым неге кенже қалды деуге болмайды.

- Бұған дейін жалпытүркілік құндылыққа тек қана Түркия жағы мүдделі болғандай сыңай бар. Енді Түркі академиясының Қазақстанда құрылуы әлгі ортақ мүддеге жас түркі елдерінің де атсалыса бастағандығының белгісі ғой.Түркия жағы бұны қалай бағалауда?

- Бұны Түркия жағы жақсы бағалап, қуанышпен қарсы алып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан тек қана Орта Азияның емес, Еуразияның жарқыраған жұлдызы болып көрінуде. Әлеуеті мол мұндай елдің түркішілдікке, түркі халықтарының ынтымағына үлес қосып, алдыңғы қатарлы рөлді алуы марқаятын жайт. Түркілік ғалымдарда мынадай пікір бар: егер Түркия мен Қазақстанның ойы бір жерден шықса, басқа түркі халықтары ешқайда бармайды.Өзбекстан да, Түрікпенстан да ертең келеді. Қайда барады? Екі үлкен ағайын бас қосқаннан кейін басқасы да өз орнын осы алқадан ала бастайды. Нәтижесі көріне бастағаннан кейін әркім де үйір болады. Бұл  бірігу - біреуге қауып төндіру үшін емес, тек қана өзіміздің аяғымыздан тұруға, тәуелсіздікті баянды етуге керек нәрсе. Бұл - мәдени құндылықтарымыздың жаһандану дәуірінде аяқасты болмауына керек бірден бір құрал.

- Біз Қазақстандағы түркі жұрттарының өзара бауырласуына куә бола алмай отырмыз. Түркілік академияның құрылуы мынаны байқатады: бұдан әрі қазақстандық түркілердің ынтымағы арта түсуі мүмкін; екінші жағынан, қазақстандық көпвекторлы саясаттың түркілік сипаты пайда болуы ықтимал.

- Бұл - көпвекторлық сыртқы саясаттың жалғасы. Жаһандану дегеніміз -осы. Мұны қырғиқабақ соғыс тұрғысынан қараймыз да, ұқпай қаламыз. Бұрын әлемде екі бағыт қана болды, соның бір жағында болуы керек еді. Не каписталистік, не социалистік қосынға кіру керек еді. Не батыстасыз, не шығыстасыз дегендей. Ол дәуір кетті, енді жағдай басқаша. Бір жақта түркішілдік бағыт, бір жақта ислам елдерімен ынтымақта болу, аймақтық ынтымақ: Шаңқай клубы, ТМД, сол секілді америкалық, еуробағыт, қытай жағы дегендей түрлі бағытта саясат жүргізу. Сондықтан түркі елдерімен ынтымақта болу, әлгі саясатқа кері емес, соны толықтырады.Түркияның өзі Еуроодаққа кіргісі келеді, мұсылман елдерімен ынтымақта, т.т. Біз бұл қадамды бір біріне қарама қарсы қоймауымыз керек. Қазақстан әрі бауырлас елдермен де болмақ, әрі орыс елімен де ынтымақта болады.

Бір қызығы, менің байқауымша, жаңа дәуірдің бұл талабын, көпвекторлық саясатты бастаған - Қазақстан.Тіпті, Түркия бұл жағынан Қазақстаннан үлгі алып отыр. Бұрынырақта «Япырай, бұл қайда апарып соғар екен» деп ойладым. Байқасам, ол жемісін бере бастады.Елдің бүгінгі инвестиция тартуы - соның айғағы. Қайда барсаң да, қазақтың бизнесмені мен дипломатын көресіз. Жаһандану деген - әлемнің қабысуы деген сөз. Былтыр Еуродақ ұйымына басшылық еттік, бір айдан соң Ислам елдерінің мәслихатына да сондай басшылық жасағалы отырмыз. Мұның бәрі Қазақстанның Жаһандану үрдісіне қиындықсыз қабысуын көрсетеді.

Тағы бір нәрсені байқауымыз керек: Кеңес өкіметі тұсында қазақтың түркілік тегі мен тарихы тұншықтырылды, оны зерттегендерді айыптап, итжеккенге жіберер еді, екінші нәрсе, мұсылмандық бағытымыз шектелді.Қазақты атеизммен, дінсіздікпен тәрбиеледі. Аллаға шүкір, тәуелсіздік арқасында мұның бәрінен шектеулер жойылды. Соңғы жиырма жылда еркін тыныс болғасын, жақсы түркологтар шығуда. Мына академия соның бір жемісі іспетті.

Ал, екінші дін мұсылмандық бағытты ескере алмай келеміз.Түркішілдік - біздің сүйегіміз болса, мұсылмандық - біздің руханиятымыз, жанымыз. Біз түркілігімізді қолға алудамыз, бірақ құсқа тән екінші қанатымыз - дінімізді божыратып алмауымыз керек. Ислам конференциясына төраға болуымыз арқылы Қазақстан екінші қанатын жөндейді, қомдайды деп есептеймін...

«Алтынның қолда барда қадыры жоқ» дейді, біз кезінде Отаннан жырақта қалып, отансыраған адамдармыз. Сендер отандасыңдар, оның қадырын біздей білмеулерің мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы елдің жетістігін бағалай білуіміз керек.

- Түркі академиясы болашақта қандай болса деп ойлайсыз?

- Кеше бір ғалымдар айтып отыр, бұл академия жақсы ғылыми орталық болса деп. Меніңше, бұл ғылыми орталықтан гөрі түркі дүниесінің ынтымағы мен түсіністігін арттыратын орда болуы керек.Ол таза ғылыми орда болмауы керек, онсыз да ондай зерттемелік институттар жеткілікті, бұл солардың еңбегін үйлестіріп, біріктіріп отыруы керек.Басшылар бірігіп жүр, ал түркологтардан басқа ғалымдар неге бірікпеске?! Инженерлер мен басқа зиялы қауым да біріксін. Түркіфобияға тойтарыс беретіндей іс керек.

- Түркі бірлігі бұдан әрі қалай өрбуі керек?

- Барлық сала бойынша бірлік керек. Тіл бірлігі болсын, әліпби болсын. Кәзір бірқатары латынша, бірқатары кирилше, қытайдағылар төте жазуда. Ортақ әліпби болу керек. Латынға өткенде де қалай болса, солай емес. Тәуелсіздікке дейін алдымен түрколог ғалымдар бас қосты. Сонда 34 таңбалы латын қарыпты ортақ әліпби қабылданды. Ол әлі іске аспай отыр, неге? Үйлестіру жоқ. Міне академия осындай жарқын істерді үйлестірсе.

Кәзір түріктер қазақша, қазақтар түрікше оқи алмайды.Түрлі ұсыныстар бар: стилді, терминді ортақтастыру деген т.т. Бірақ менің бір идеям бар: компьютерлік аударманы дамыту керек. «Гуглдың» сайтына кірсеңіз, Батыс елдері керемет нәрсе жасаған! Кез келген тілден кез келген Батыс елдері мен шет мемлекет тілдеріне аударып береді,түймені бассаңыз - болды! Бірақ онда қазақ тілі жоқ. Ал, түрік тілі бар. Себеп: қазақ тілінен өзге тілге электрондық сөздік жоқ! Әлемде отыздан аса түркі тілі бар екен, солардың өзара сөздігін жасау қиын ба? Жақын тілдер, жуық сөздер. Тілбілім институты директорымен сөйлестім, «бәрі бар, дайын, ақша керек» дейді. Қаржы бөлу керек. Егер қазақ тілі мен ағылшын тілінің электрондық тілмашы болса, орыс тілінсіз тікелей әлем тілдеріне шығуға болар еді.

- Әбеке,біздің елде исламның екі бағытын тайталастыру орын алып отыр. Біреуі - уахаптық бағыт, екіншісі ортаазиялық сопылық бағыт. Қорымдарды бүлдіру, кейбір жағдайда өзін өзі жаруға бару орын алуда. Осы жайтты қалай бағалар едіңіз?

- Ұлттық дін деген болмайды, бірақ мұсылмандықтың ішінде ұлтқа жақын өзінің діні болады.Тәуелсіздік алып отырған дін емес, ұлт қой, сондықтан біз Кеңес өкіметінен бұрынғы үзілген дінімізді қалпына келтіруіміз керек. Бұл - мемлекеттің міндеті. Мемлекет осыған ие болмай, қателіктен арыла алмайсың. Бұл халықты шатастырады, түрлі «измдер» көбейеді. Түркия да Қазақстан сияқты зайырлы мемлекет, дінге араласы жоқ. Бірақ діни басқарма жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан діни тәлімін мектеп-медресе ашып, беріп отырады. Егер мемлекет бұндай істі атқармаса, университеттерінде исламтану сабақтары болмаса, одан қиын зардап шегеміз. Зайырлы ел дейді де, дінтану факультеттері бар, бұлай болмайды. Тіпті, бола берсін, бірақ исламтану факультеті болуы керек.Исламтану деген исламды жақсы білетін маман ғалымдар ата-бабамыз ұстанған дінді бүгінмен қабыстырып, дін басқармасымен бірге өмірге енгізеді. Сонда діни шатасулар азаяды.

Әрине, соның өзінде де бұра тарту мен өгей дін болады, бірақ ықпалы болмайды.Түркияда да ондай ұсақ-түйек діни топтар бар, бірақ қоғамға әсері жоқ, себебі, негіз жоқ. «Дін» деген адамға ауадай қажет нәрсе. Сол «ауаның» ластанбауын қарап отыруымыз керек. Сенім болатындай ғылыми негіз бен пәтуә керек. Жастар басқа жақтан пәтуәлі діни пайым мен ғұрып іздеп кетпеуі керек! Бірақ, мүлдем тыйым салуға да болмайды, себебі, бұлай ету - дін бостандығына шектеу болып саналады. Қазақстан демократиялық қоғам орнатуға мүдделі болғасын оған бара алмайды. Қанша дегенмен, бұл - ХХІ ғасыр.Мемлекет өзінің түрлі мүмкіндіктерін іске қосу арқылы реттеп, үйлестіруі қажет.Мемлекет халықтың рухани сұранысын жасай алмаса, ол сұранысты халық басқа жақтан тауып алады да, ол қоғамның «бас ауруына» айналады. Ақырында қоғам бөлшектенеді. Халықтың дәстүрлі мұсылмандығына жағдай жасауы керек, мемлекеттің қажеттігі сонда. Халық сұранысын қанағаттандырмайтын мемлекет кімге керек?! Қазақстан экономикалық сұранысты жасап отыр, сол секілді рухани сұранысты да қолға алуы керек.

Әңгімелескен - Шәріпхан Қайсар,

«Абай-ақпарат»

0 пікір