Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:36

Қазақстанның батысында аусылға шалдыққан тағы 1300 бас мал жойылды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Тінәлиев ауылында аусыл ауруына шалдыққан төрт түлікті жою жалғасуда.

Бұл туралы ҚР Төтеше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

Тінәлиев ауылында малдың қырылуы дүйсенбі күні басталған болатын. Төрт ірі қара мал өздігінен өлгеннен кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша республикалық ветеринарлық зертхананың мамандары «аусыл ауруын жұқтыру» диагнозын шығарды.

«68 бас ірі қарада ұқсас симптомдар байқалуда. 24 мамыр күнгі сағат 17.00-дегі жағдай бойынша өртеу арқылы 83 бас ірі қара мал жойылды. Жойылған малды көмуге арналған орын бөлінді», - делінген ҚР ТЖМ-ның сәрсенбі күні таратқан хабарламасында. Ал ведомствоның бүгін таратқан ақпаратына сүйенсек, 26 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін аталмыш ауылда тағы 498 ірі қара мен 829 бас ұсақ мал өртеу арқылы жойылды.

Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекциясы ауылға кіріп-шығу бекеттерін бақылауға алды.

0 пікір