Сенбі, 27 Сәуір 2024
3167 2 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 16:06

Су жаңа министрлік құрылды

Бүгін Қазақстанда су жаңа министрлік құрылды. Құрылды дегенде қалай, бұрынғы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігін жетілдіріп, оның атауы өзгертілді.

Президент Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруды қаулы етті.

Енді жаңа министліктің атауы - Цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып аталды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Президент пәрмен беріп, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қысқартылған еді. 

Abai.kz

2 пікір