Сенбі, 27 Сәуір 2024
3537 0 пікір 28 Қаңтар, 2019 сағат 09:31

Елбасы «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі фильмнің көрсетілімін тамашалады

Қазақстан Президенті «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі трилогияның екінші бөлімінің таныстырылу рәсіміне барды. Фильмді режиссер, антрополог Н. Томпсон мен қазақстандық продюсер, зерттеуші Н. Баймұханов жетекшілік ететін канадалық топ еліміздің аумағында түсірген.

Бұл фильмге құрамына отандық суретшілер, әртістер, каскадерлер, дублерлер мен безендірушілер енгізілген шығармашылық топ тартылып, америкалық композитор Д. Фангтің музыкасы пайдаланылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Деректі фильмде тіршілігі жылқының қолға үйретілуіне байланысты өрістеген Қазақстан аумағындағы ежелгі мәдениеттер кезеңдері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен заманауи ақпараттық технология негізінде қайта жаңғыртылған. Бұл үдеріс адамзат коммуникациясына қатысты жаңа жүйенің қалыптасуын айқындап, көші-қонның жандануына және ежелгі мемлекеттердің пайда болуына жол ашты.

Деректі трилогия 2019 жылғы наурызда 50 елдің, соның ішінде Канаданың (CBC), АҚШ-тың (PBS), Германияның (ZDF), Францияның (ARTE), Данияның (DR) және Қазақстаның («Qazaqstan» РТРК) ұлттық телеарналарында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жаңғыртылған Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық «Қазмедиа орталығы» технологиялық кешенімен толықтай біріктірілген әрі соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған көпфункциялы медиа алаң саналады.

Abai.kz

0 пікір