Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 5914 0 пікір 30 Қараша, 2018 сағат 14:20

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы - үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

«Бизнестің жол картасы- 2020» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасына қатысушылар үшін – агро-өнеркәсіп кешені, кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару, құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру, металлургия, металл өңдеу, машина жасау, туризм тағы басқа да экономиканың басым секторлары таңдалған.

Бағдарламаны екі кезеңмен жүзеге асыру көзделген:

1-кезең – 2010-2014 жылдар аралығында. Яғни, 2010 жыл бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шет елге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011-2014 жж.міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

2-кезең – 2015-2020 жылдар аралығындағы жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында кредит қаражатының соңғы тұтынушысы қаржыландырылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша шектеу көзделген (14%-дан аспайды). Аталған бағдарламада берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай төмендеді. 2010 - 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіпке берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 12%-дан 9,4%-ға дейін, көлік секторына - жылдық 12,5%-дан 10,2%-ға дейін, байланыс секторына - жылдық 11,9%-дан 7,7%-ға дейін төмендеді.

Кредит беруді мерзімдерге бөлетін болсақ, жиынтық қоржындағы қысқа мерзімді кредиттердің үлесі 2010 - 2013 жылдары 29 - 33% аралығында құбылып тұрды (2013 жылы - 29%). Кредит беру объектілері бойынша бөлетін болсақ, негізгі үлесі айналым қаражатын толықтыруға тиесілі болды (69%), ал инвестициялық мақсаттарға 7%-ы ғана тиесілі болды. Ұзақ мерзімді кредиттер қоржынының құрылымында айналым қаражатын толықтыру 15%-ды, ал инвестициялық мақсаттарға берілген кредиттер 26%-ды құрады.

Инвестициялық мақсаттарға берілген қысқа мерзімді кредиттердің мөлшері озыңқы қарқынмен өсіп, өзге факторлармен қатар негізгі капиталға құйылатын инвестициялардың өсуіне ықпалын тигізді, 2010 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде олардың жыл сайынғы көрсеткіші 32%-ға жылына 6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Жыл сайынғы экономиканың басым секторларының негізгі капиталына құйылатын инвестициялардың көлемі 56%-ға 1 740 млрд. теңгеден 2 713 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Екінші жағынан, енгізілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, ол пайдалануға берілген негізгі құралдардың көлемі әртүрлі бағыттағы сипатта болды, инвестициялық мақсаттарға тартылған қаражаттың жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарды реконструкциялауға немесе қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруға жұмсалуымен де түсіндіріледі. 2013 жылы экономиканың басым секторларында 1 229 млрд. теңгеге негізгі құралдар енгізілді.

2010 - 2013 жылдары экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы өскені байқалды (ауыл шаруашылығын қоспағанда), бірақ өсу қарқыны бәсеңдеді. 2013 жылы бұл көрсеткіштің нақты өсуі 5,1%-ды құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың басым секторларында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығарылымының өсуі 2013 жылы шамалы болса да артта қалды.

Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредит беру құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, сол арқылы елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анағұрлым өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.

Бүгінде бұл бағдарлама бойынша кәсібін дөңгелетіп отырғандар азаматтардың екінші деңгейлі банктердегі несиелерін өтеуге субсидия бөлінеді. Сондай ақ тиісті кепілі жоқ кәсіпкерлер үкіметтің қолдауына жүгіне алады. Соңғы бағыт бойынша жалпы құны 12 миллиард теңгеге түрлі жоба жүзеге асырылған. Бұл бағдарлама аясында экономиканың басым бағытын ұстанған шаһарлардағы кәсіпкерлер 2,5 миллиард теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Яғни билік тарапынан қолдауға ие болады. Субсидияланатын сыйақы мөлшері 40 процент. Ал, ауылдардағы кәсіпкерлердің несие межесі 750 миллион теңге. Бірақ несиені субсидиялау мөлшері сыйақы процентінің тең жарымын құрайды.

Жалпы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы басталғалы әр өңір кәсіпкерлеріне үлкен қолдау көрсетіліп келеді.

Мәселен, осы бағдарлама басталғалы бері Алматы облысының кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан 30 миллиардтан астам теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Нәтижесінде аймақта 7 мың 800 адамға жұмыс орны ашылды. Мәселен, Панфилов ауданында былтыр кәсіпкерлікке 300 миллион теңге несие берілсе, осы жылы 170 миллион теңгенің займдарына құжаттар рәсімделген.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында  да кәсіпкерлікті дамыту жобалары қарқынды жүріп келеді. Мұнда жыл басынан 24 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жемісті жүзеге асуы арқасында бизнес -нысандардың саны 7 пайызға өскен.

Ал, Ақтөбеде түрлі жаңа өндіріс орындары ашылып, қызмет көрсету саласы кеңіді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жүзеге асқан уақыт аралығында өңірде 900-ге жуық кәсіпкерге субсидия төленіп, жалпы сомасы 100 млрд теңгеге жуықтаған.

Соңғы 8 жылда бір ғана «Даму» қорының кепілдігімен аймақтың 368 кәсіпкері 10 миллиард 700 млн теңге көлемінде несие алған. Сол арқылы ашылған жаңа кәсіпорындардың қазір жұмысы қарқынды.

Ертіс өңірінде де «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы іске қосылғалы бері 500-ден астам жоба жүзеге асырылды. Бұл мақсатқа 58 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану, сұлулық салондары, тігін цехтері сияқты жаңа нысандар ашқан. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындарға қызмет көрсету саласы өркен жайды.

Бағдарлама басталған 8 жылдың ішінде Қызылорда облысына 15 миллиард теңге қаржы бөлінсе, оның 5 жарым миллиарды осындай жобаларға жол ашуға бағытталған. Тек биылдың өзінде «Бизнестің жол картасы» аясында 108 жоба қолдау тауып, 800 жұмыс орны ашылып отыр. Мамандардың ендігі жоспары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын құруға басымдық берілмек.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында соңғы 8 жылда жалпы құны 97 миллиард теңгенің 1 мың 306 жобасы жүзеге асырылған.

Бүгінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қорда 69 млрд теңге бар екендігін айтты. Қаржыны 2019-2021 жылдар аралығында тиімді жұмсау бойынша мәжілісте нақты құжаттар әзірленіп жатқан көрінеді.

Abai.kz

0 пікір