Жұма, 26 Сәуір 2024
3667 0 пікір 29 Тамыз, 2018 сағат 10:24

Құқық қорғаушылар Путиннен Кадыровты жауапқа тартуды сұрады

Amnesty International, Human Rights Watch және Front Line Defenders халықаралық құқық қорғау ұйымдары Ресей президенті Владимир Путинді Шешенстан президентінің сөздеріне мән беруге шақырды.

Рамзан Қадыров жақында «Мемориал» қоғамдық ұйымының жетекшісі Оюб Титиевке қатысты сот процесінен кейін, Шешенстан құқық қорғаушылар үшін «жабық территория» болады деп мәлімдеген.

«Соңғы ондаған жылдар бойы Рамзан Қадыров еліндегі өзгеше ойлайтындарды басып, құқық қорғаушылардың ізіне түсіп келеді. Шешенстанда адам құқықтары жиы бұзылады. Заңсыз соттап, азаптайды» делінген құқық қорғаушылар таратқан мәлімдемеде.

22 тамызда Қадыров Шешенстандағы құқық қорғау органдары алдында сөз сөйлеп, "елге Титиевтің сотына әлемнің әр түкпірінен "өздерін құқық қорғаушылармыз деп жариялаған" адамдар келеді" деп мәлімдеген. Қадыровтың сөздерінің толық мәтінін "Новая газета" жариялады.

Amnesty International, Human Rights Watch және Front Line Defenders ұйымдары жариялаған ашық хатта құқық қорғаушылар Путиннен Қадыров істеріне тыйым салуын сұрап, Оюб Титиевті тез арада босатуды талап еткен.

Abai.kz

0 пікір