Жұма, 22 Қараша 2019
Білгенге маржан 3212 11 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 11:25

"Abai.kz" порталының ресми электронды поштасына хаккерлік шабуыл жасалды

"Abai.kz" ақпараттық порталының оқырмандары мен тұрақты авторларының назарына!

Құрметті оқырман! Құрметті автор!

Сіз бен біз хат жазысып, хабар алысып отырған "Abai.kz" ақпараттық порталының ресми электронды поштасына 23-мамыр күні хаккерлік шабуыл жасалып, поштамыз бұзылды.

Қазір порталдың ITмамандары хаккерлік шабуылдың қайдан жасалғанын анықтап жатыр. Сіздердің ескі электронды поштамызға (abai-akparat@mail.ru) жіберген хаттарыңызды біз ашып оқи алмай отырмыз.

Сондықтан,  жаңа ресми электронды поштамыздың жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз.

"Abai.kz" ақпараттық порталының ендігі электронды поштасы: abaikzportal@gmail.com 

Алдағы уақытта үшбу хаттарыңыз бен мақалаларыңызды осы электронды пошта арқылы жолдауларыңызға болады. "Abai.kz" ақпараттық порталы - еркін ақпарат алаңы. Ұлт мәселесі мен қоғамда болып жатқан жайттарға үн қосып, пікір білдіруге әркім қақылы. Абайшыл болайық! Алашшыл болайық!

"Abai.kz" ақпараттық порталының ұжымы

11 пікір