Жұма, 20 Қыркүйек 2019
Бәсе... 3325 51 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 12:19

1 мамыр. Әлемде 256 ұлт бар, соның 150-ден астамы Қазақстанда тұрады

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша 18 миллион 195 мың 878  мың адамға жетті.

Сондай-ақ елімізде 150-ден аса түрлі өзге ұлт бар. Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған.

ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі – қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде

Кейбір деректерге қарағанда, әлемде  256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 150-ден астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.

Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, біздің елде ұлт ретінде аталып жүрген аз санды диаспоралардың санын оқырман назарына ұсынамыз.

Еліміздегі адам саны мыңға жетпейтін ұлттар:

Арабтар - 953
Ауғандықтар-  821
Коми-пермяктар - 761
Чехтар - 754
Моңғолдар - 752
Қалмақтар - 738
Құмықтар -  734
Твалар - 635
Гагауздар- 620
Адыгайлар - 604
Румындар - 597
Лактар 574
Буряттар - 537
Ағылшындар - 515
Венгрлар - 485
Алтайлықтар - 476
Финндер -  454
Ноғайлар - 438
Американдықтар - 436
Сахалар(якуттер) -  415
Италияндықтар - 404
Чувандар - 388
Карелдер - 365
Хакастар - 362
Табасарандар - 345
Удиндер - 342
Асираилдіктер - 338
Комилер - 288
Абхаздар - 214
Шорлар - 210
Черкестер - 176
Ненецтер - 176
Абазиндер - 149
Агулдар - 137

Еліміздегі адам саны 100-ге жетпейтін ұлттар: 

Кабардиндер - 98
Халха-моңғолдар - 96
Кубалықтар - 95
Рутулъдер - 93
Долгандар - 83
Коряктар - 76
Въетнамдықтар - 67
Татар - 66
Хорваттар - 63
Сербтер - 61
Австриялықтар - 60
Словактар - 58
Испандар - 57
Албандықтар - 55
Француздар - 51
Евразиялық еврейлер - 50
Удегейлер - 49
Жапондар - 46
Голландықтар  - 45
Вепстер - 43
Эванкілер - 38
Белуджилер - 37
Грузиндіктер - 35
Эвендер - 34
Таулық еврейлер - 33
Хантылар - 31
Қырымшақтар  - 31
Тофалар - 30
Қарайымдар - 29
Мансылар - 24

Цехурлар  - 23
Чукчалар -  22
Нанайлықтар - 22
Ижорлар - 17
Алеуттер - 14
Нивхилер - 10
Ителмендер - 10
Энецтер - 9
Кеттер - 9
Юкагилер - 8
Орогтар  - 8
Даттықтар - 7
Селъкуптар - 4
Уличтер - 4
Нагидалықтар - 4
Саамдар - 3
Үльттар - 2
Наганасандар - 2
Эскимостар - 2

Abai.kz

51 пікір