Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
1765 1 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 11:28

Елшілік "Қазақстанда АҚШ әскери базасы ашылады" деген мәліметті терістеді

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порттарында "АҚШ әскери базасы құрылады" деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ресейдің ақпарат құралдары мен интернет ресурстарындағы мұндай ақпараттарды негізсіз, ойдан шығарылған жалған хабар деп санауды сұраймыз" делінген елшілік мәлімдемесінде.

Елшілік соңғы күндері Ресейдің ақпарат құралдарында жарияланған "АҚШ әскери-теңіз күштері Қазақстанның Каспий теңізіндегі порттарын пайдаланады және Қазақстан аумағында әскери база салады" деген ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Парламен өткен аптада Ауғанстанда тұрақтылық орнату және қалпына келтіруге қатысты Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағындағы теміржол арқылы коммерциялық жүк тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы мақұлдаған. Елшілік мұндай ақпараттың тарауына осы келісім себеп болғанын айтып, осы сияқты келісімді бұған дейін АҚШ-пен Ресей билігі де отырғанын атап өтті.

Abai.kz

1 пікір