Жұма, 26 Сәуір 2024
Сатира 4551 4 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 12:27

Құнажындар неге құтырды?

Сібір Аюының қақпайынан құтылып, екі тізгін, бір шылбырды қолға алған қоңырлар елінде құнажындар мінез шығара бастады. Су бұзылды ма, жоқ заманақыр таяды ма, әлде сібір аюы дуалап кетті ме, кейінгі кезде қоңырлар елінде азбандар көбейген. Солардың парламенттегі қу жақ пысықтары: “ Өрісіміз кең, санымыз аз”, “ Бұқа  кімдікі болса болсын, бұзау өзіміздікі” – деп тілін безеп, қисынын келтіріп, азбандықты заңдастыруды ұсынған. Сол сол- ақ екен, құнажындарда іштен тынып, зорға шыдап келген екен, азғындықтың көкесін көрсетті.

«Алғашқы күйлеу» деген киномен танылған, Орысша мөңірейтін сәнқой құнажын тым белсеніп кетті. Төрт аяқтап құмға аунаған, суға сарыған фотоларын салып, ғаламторды шулатты. Бұқаға көз сүзбеген үш құнажыншығарды қосақтап «Кешу» деген топ құрды. Көз алдыңызға елестетіңізші...шілденің шіліңгір ыстығында оқыра тиген зеңгі баба тұқымы қандай күйге түсуші еді?! Жанын қоярға жер таппай, алдындағының бәрін жайпап өтіп, ағынды суға “ күмп” ететін. Ондада байыз таппай, құйрығымен суды шылпылдатып,өзгелерді желіктіретін. Бұлардың саханадығы өнері дәл сондай еді. Көп асқанға бір тосқан деген рас екен...көп өтпей сәнқой құнажын ауруханадан бырақ шықты. Ел аузындағы қауесетке сенсек, сәнқой құнажын бұқасының көзіне шөп салыпты.бұқасы жер- көкті шаңдатып оны іздейді, таппайды.сөйтсе сәнқой құнажын басқа бұқамен шетел асып кетіпті. Көзін қан жапқан ашулы бұқасы оны әуе жайдан күтіп алып, мүйіздеп тастапты.төрт аяғын аспаннан келтіріп, көзін ағыза жаздапты.

Қоңырлар елі өрісіне қарай шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік деп бөлінетін. Оңтүстіктің құнажындары өріс пен қора қопсының арасында ғана жүретін, жеңіл жүріске жоқ еді. Бұқалардың көзінеде түзу қарамайтын. Олардың мұндай көнпістігі сәнқой құнажындарға ұнамайтын. “ Бұқалардың мүйіздегеніне, енесін боқтағанына қалай шыдайды?!” – деп  мүсіркейтін. Басынан сөз асырмайтын оңтүстіктің шаншар таңбалы әзілкеш бұқасы жанынан бір елі тастамайтын ілмиген арық серігін ертпей, саханаға жалғыз шығып,қосақтарын неге мүйіздейтіндерін, арада ешқандай зіл жоқ екенін күлдіріп жеткізген. Сәнқой құнажынның бұқасы оңтүстіктің емес, қара Ертістің суын ішіп, асқар Алтайдың шүйгінінен оттаған шығыстың текті бұқасы екен, намысын жіберсінбе?!

Жақында, “ Сіздермен болған жаман сасыған, сасымай жүріңіздер” – деп  мәтелдеп мөңірейтін журналист бұқа қосақ ауыстырып, ескі әуеніне қайта басқан сәнқой құнажыннан сұхбат алыпты. Әңгімелері сол “ сүйреу” мен “ күйлеудің” төңірегі. “ Қан тазалығы”, “ тектілік” жайында сөз қозғайды деп дәмеленгендердің салындысы суға кетті. Намысы ойанған  Нән деген жыршы бұқа тапа талтүсте, қан көшеде бұқаларға көз сүзетін бассыз кеткен жезсирақ құнажындарды мүйіздейік деп үндеу тастады. Бірнеше  құнажынды тырқыратып қуып жүрген видеосын жарялады. Бырақ көп өтпей оның да арты ашылды. Жезсирақ құнажынды сомдаған өз қосағы болып шықты.

Бүгінгі қоңырлар елінің сықбыты осындай...

Есбол Үсенұлы    

Abai.kz

4 пікір