Жұма, 26 Сәуір 2024
Ел іші... 5393 50 пікір 14 Наурыз, 2018 сағат 13:24

Аягөзге Үкіметтің бір министрі, Парламенттің бір депутаты барған жоқ

Кеше 13-наурыз күні сағат таңғы 04.00-де су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында Астанадан шығып, өз қаржымызға көлік жалдап, 1500 шақырымдай темір тұлпарды терлетіп, сағат 22.20 шамасында зардап шеккен халық уақытша орналастырылған интернатқа келіп жеттік.

Зардап шеккендер әлі ұйықтамаған екен, өзімізді жеке азаматтар ретінде таныстырып, жөн сұрастырып жатқан кезде жергілікті билік тарапынан күш қолданылып, түнімен полиция тарапынан өзіміз жалдаған көлікті заңсыз тексеру іс-әрекеттері жүргізілді.Оның үстіне, осының барлығы бейнетаспаға жаздыңыздар деп үстімізден арыз жазып, іс қозғалып жатыр.

Міне, қолдау көрсетуге келген азаматтарға осындай қиянат жасауға қарағанда, Аягөзде болған апаттың ақ-қарасын жасырып отырғанның белгісі деп есептеймін. Себебі, ақсақалдардың айтуынша бұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Су қоймасы, дамбы жарылып кеткенге ұқсайды.

Аймақ әкімі Даниал Ахметовтың өзі біздің келе жатқанымызды естіп қана, амал жоқтан апаттың орын алған 3-күні ғана, яғни кеше Аягөзге келіп кеткен. Не себептен апат болған бірінші күні зардап шеккен халықпен бірге болған жоқ?!

Бүгінгі күні апаттан зардап шеккен Аягөзге Үкіметтен бір де бір Министр, 1 миллионға жуық айлық алатын бір де бір Парламенттегі депутат келген жоқ. Даниал Аxметовтың өзі апаттың 3-күні келді.

Қарағандының шаxтерлерімен де дәл осындай жағдай болған. Тура қайталануда. Халықты қинау деген осы. "Нұр Отаннан" бастап мемлекеттік жүйе әбден іріді!

Сырым Әбдірахманов

Abai.kz

50 пікір