Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 7610 12 пікір 28 Ақпан, 2018 сағат 08:50

Елбасы айтса, бір-ақ күнде сайрап кетеді деген сөзді екінің бірі айтатын...

Қазақ мемлекетінің Президенті тілге қатысты айтты ғой. Айтылды ма, ендеше орында!

Иә, Ресей басылымдарының құйтұрқы, арандатуға бағытталған мақалалар жариялаудағы ойларының түбі түсінікті. Сырттың пікіріне бас қатырудың қажеті шамалы. Әзірше, олармен талас-тартыс тиімсіз... Ішімізді бүтіндеп алайық! Әр нәрсе өз кезегімен. Үндемей ғана өз тірлігімізді жүргізе бергеніміз абзал.

Екінші, Еліміздегі орыстілділердің әрекеті талқармау іспетті екені баршамызға мәлім. Қай кезде де бұлардікі осындай ғой. Ал, қазақтарға, айтылғанның астарын әрсаққа жүгіртудің, кері кетпе саясат іздеудің түкке керегі жоқ. Қазақтардың арманы, аңсағаны, айтып жүргені осы емес пе еді...

Президент шенеуніктерге бәрің қазақша сөйлеңдер десе, бір-ақ күнде сайрап кетеді деген сөзді екінің бірі айтатын. Ал, айтты ғой. Осы айтылғанды өз ұлтыңның мүддесіне пайдалансайшы. "Бұл тағы бір бедел жинау, xалықты алдау" деген сияқты еш пайдасыз, ұлтқа тиімсіз, ел мен Елбасының арасына күмән, күдік туғызатын кері пікірден кім ұтады? Мұндай пікір айтушылар өзінің "болжағыштығын", "сұңғылалығын" білдіргісі келе ме? Бұл білгіштердің осы кертартпа пікірінің ел бүтіндігіне қаншама зиян екенін біле ме екен?

Еділ Анықбай

Facebook-тегі парақшасынан

12 пікір