Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3416 9 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:56

Одақ талай еркін ойлы суреткерлердің обалына қалған!

Біздегі шығармашылық одақтардың дені кешегі сталиндік модельден асып кете қойған жоқ. Ол кезде олар биліктің ғана сойылын соғатын қоғамдық ұйымдар ретінде құрылып, балама пікір иелерін өз қатарына қабылдамай, таза партиялық жұмыс жүргізген. Талай еркін ойлы суреткерлердің обалына қалған. Сананы болмыс анықтайды деп, билікшіл талант иелеріне құрметті атақ, пәтер, саяжай сыйлап отырған. Одақтарға ғимарат, демалыс орындарын беріп, сымсыз байлап қойған. Әртүрлі одаққа тиесілі болған сол элиталық мүліктің қазіргі  нақты иелері туралы да алыпқашпа әңгіме көп.

Жазушылар одағында өзгерістер болғалы жатыр екен. Соған байланысты айтып отырмын. Жалпы бұл өзі жеке мақалаға арқау болатын тақырып.

Сіз не ойлайсыз, құрметті оқырман?

Әміржан Қосанов

Abai.kz

9 пікір