Сенбі, 27 Сәуір 2024
4755 1 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 10:17

Иранда хиджабқа қарсы шыққан әйелді қамаудан босатты

Өткен айда Тегеранда хиджабқа қарсы наразылығы үшін ұсталған әйел бостандыққа шықты "Энгелаб көшесіндегі қыз босатылды", - деп жазды ирандық адам құқығын қорғаушы және адвокат Насрин Сотуде.

Тегеран қаласындағы Энгелаб көшесінде орамалсыз тұрғын әйелдің (есімі белгісіз) видеосы Желіде 27 желтоқсанда тез тарап кетті. Әйел үнсіз ғана ақ орамал бұлғап тұрған, сол арқылы ол хиджабқа қарсылығын білдірген.

Насрин Сотуде оның жағдайын білмек болып прокуратураға барып, мекемедегілерден видеодағы қыздың 27 қаңтарда бостандыққа шыққанын білген. "Мен оған қарсы істі қолдан жасап, өз құқығын қорғаған әйелге зияндық жасады ма деп қорқам", - деп жазды заңгер әйел.

Abai.kz

1 пікір