Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4536 0 пікір 28 Желтоқсан, 2010 сағат 07:45

Алматы облысында 3 ауыл таратылды

Талдықорған. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы облысының әкімшілігі облыстық мәслихатпен бірлесіп аймақтың үш аулын таратты. Мұндай шешім «Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының заңының 11-шы бабы 3-ші тармағына сай, сондай-ақ Алакөл және Қаратал, Кербұлақ аудандарының мәслихаттары және  әкімдіктерінің пікірін ескере отырып қабылданды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алакөл ауданы Үшарал қалалық округтың Талапкер ауылы таратылды, оның халқы Алакөл ауданындағы Үшарал қалалық округтың Үшарал қаласына жатқызылды.

Қаратал ауданы Каңбақты ауыл округының Ақиық аулының халқы Қаратал ауданы Каңбақты ауыл округының Алмалы аулына жатқызылды.

Кербұлақ ауданы Жоламан ауыл округының Архарлы асуы аулының халқы Кербұлақ ауданы Жоламан ауыл округының Жоламан аулына жатқызылды.

Бұл шешім ресми жарияланған күннен (25-ші желтоқсан – ҚазТАГ) күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 2011-ші жылғы 5-ші қаңтарда күшіне енеді, деп облыстық мәслихат хатшысы Ардақ Сыдық мәлім етті.

0 пікір