Сенбі, 27 Сәуір 2024
2731 3 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 09:28

Тәжікстан Ұлттық банкі криптовалюта қауіпті екенін ескертті

Тәжікстан Ұлттық банкі елде криптовалютаның қолданылуына қатысты алғаш рет ресми көзқарасын білдірді.

«Қаржы институттары тәжірибесіне сүйене отырып, Ұлттық банк азаматтарды криптовалютаны қолдану қауіпті екенін ескертеді», делінген ұлттық банктің жазбаша жауабында.

Ұлттық банктегілердің пікірінше, криптовалютаға қатысты көптеген операциялардың жасырын түрде өтеді, сонымен бірге биткоин да күмәнді операциялар жасау үшін қолданылуы мүмкін. «Криптовалюта кибершабуылдарға ұшырап немесе қаржы жымқыру және терроризмді қаржыландыру операциялары үшін пайдалануы мүмкін. Криптовалюта қожайындары арасындағы операция қаржы мекемелерінің қатысуынсыз жүргізіледі, сол себепті онымен қылмыстық операциялар жасалуы мүмкін. Мысалы, есірткі және психотропты заттар».

Тәжікстанда криптовалюта айырбас немесе жинақ, сонымен бірге есеп айырысу құралы ретінде ресми түрде тіркелмеген. Елде барлық қаржы операциялары тек қана ұлттық валюта - сомонимен жүргізіледі. Ұлттық банк виртуалды валютаға байланысты қауіпке жауап бермейтінін ескертті.

Биткойн виртуалды ақшасы (Bitcoin) – Сатоши Накамото лақап атымен танымал белгісіз программист жасаған алғаншы криптовалюта. Ол 2009 жылы пайда болды. "Биткоин" термині мен оның ерекшелігін Накамото жасаған.

Abai.kz

3 пікір