Жұма, 26 Сәуір 2024
4298 32 пікір 27 Желтоқсан, 2017 сағат 09:43

Назарбаев: Путин – Ресейдегі президенттік сайлаудың фавориті

Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин 2018 жылы наурызда Ресейдегі президенттік сайлауда басты үміткер болады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистермен кездесуінде осындай пікір білдірді.

"Владимир Владимирович Путин өзін ұсынды, мен оған барлық жағынан сәттілік тілеймін, ол осы сайлаулардың фавориті", – деп мәлімдеді Назарбаев. "Бұл дұрыс қадам. АҚШ және Еуропаның көптеген елдерінің қыспағына ұшыраған Ресей қиын жағдайды басынан өткеріп жатыр, Путин мемлекеттік қайраткер ретінде бұған төзе біліп, халықты басқарып отыр", - деді ол.

Назарбаев бұған қоса Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті.

Владимир Путин президенттік сайлауға төртінші мәрте түскелі отыр. Путин билікті идет на выборы президента в четвертый раз. 2008–2012 жылдары премьер-министр болғанын қоса алғанда, Путин билік басында 18 жыл бойы отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың билігіне 28 жыл болды.

Abai.kz

32 пікір