Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
1399 0 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 10:13

Тәжікстанда судьяға балтамен шабуыл жасаған адамды 15 жылға соттады

Тәжікстанда Пяндж ауданы сот төрағасына балтамен шабуыл жасаған Диловар Олимов 15 жылға сотталды. Сот үкімі таяуда оқылған, бірақ заңдық күшіне әлі енген жоқ. Бұл жөнінде Хатлон облыстық сотының төраға орынбасары Темур Бойзода хабарлады.

Оның сөздерінше, Диловар Олимовты Тәжікстан Қылмыстық кодексінің адамды өлтірмек болды деген үш бап бойынша соттаған.

Оқиға 31 тамызда Пяндж аудандық сотының ғимаратында орын алған. Диловар Олимов аудандық сот төрағасы Давлатманд Рахимзоданың бөлмесіне кіріп, оны балтамен ұрған. Рахимзода жараланып, ауруханаға түскен, бөлмесіндегі барлық жиҺаз талқандалған.

Бір тәуліктен кейін Диловар Олимов ұсталды.

Сол күні Пяндж аудандық соты Олимовтің бұрынғы әйелінің шағымын қараған екен. Айыпталушы бұрынғы әйелімен төрт жыл бұрын ажырасып, жаңа отбасы құрған. Бірінші әйелімен ресми некеге отырмаған, одан туған екі баланы мойындамаған. Бірақ сот екі баланың әрбіріне 130 сомонидан алимент төлеуге міндеттеген. Олимов сот шешіміне қарсы болып, залдан шығып кетіп, балтамен оралған.

Abai.kz

0 пікір