Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
2044 0 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 10:43

Исаков: Қазақстан шекара мәселесін шешеді деп үміттенеміз

SOCHI, RUSSIA - OCTOBER 11, 2017: Kyrgyzstan's Prime Minister Sapar Isakov (front) speaks at an extended meeting of the Supreme Eurasian Economic Council at a conference centre of the Radisson Blu Resort hotel. Mikhail Metzel/TASS Ðîññèÿ. Ñî÷è. 11 îêòÿáðÿ 2017. Ïðåìüåð-ìèíèñòð Êèðãèçèè Ñàïàð Èñàêîâ âî âðåìÿ çàñåäàíèÿ Âûñøåãî Åâðàçèéñêîãî ýêîíîìè÷åñêîãî ñîâåòà â ðàñøèðåííîì ñîñòàâå â êîíãðåññ-öåíòðå ãîñòèíèöû "Ðýäèññîí Áëþ Ðåçîðò". Ìèõàèë Ìåòöåëü/ÒÀÑÑ

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков 25 қазанда Еревандағы Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысында қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты пікірін айтты.

- Біз премьер-министрлер деңгейінде бұл мәселені шешу үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Екі ел шекарасындағы кейбір кедергілер жойылды. Ол үшін Қазақстанға алғыс айтамыз. Бірақ бұл мәселе туындамауы керек еді. Себебі екі ел арасындағы келісімге сай жүк тиеген қырғыз көліктері шекарада тұрып қалмай кедергісіз өтуі тиіс. Еуразия экономика одағының принциптері бойынша тауар, капитал, қызмет пен жұмыс күшінің қозғалысына кедергі болмауы керек. Қазақстан тарапы шекарадағы мәселені толық шешеді деп үміттенеміз,- деді Исаков.

Еревандағы отырыста Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Сапар Исаковпен кездескені хабарланды.

10 қазаннан бастап екі ел шекарасында тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған.

18 қазанда Астанада екі ел премьер-министрлері келіссөздер өткізіп, жолаушы көліктері мен жүгі бар адамдарды шекарадан өткізуді оңайлату туралы уағдаласқан. Бұл келіссөзден кейін тексеру бекетінде кезек күткен адамдар саны азайған еді. Ал 25 қазанда Қырғызстан шекара қызметі "Ақ-тілек" шекара бекетінде бес жүзге жуық жүк көлігі тұрғанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір