Жұма, 26 Сәуір 2024
3750 0 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 12:43

Ресейдегі Тәжікстан елшілігі мигрантты сабағандарды жазалауды талап етеді

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі РФ сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, еңбек мигранты Навруз Зикировты аяусыз соққыға жыққандарды жазалауды талап еткен.

"Біз оқиғаны барынша мұқият, шынайы тексеруді талап етеміз. Тергеу ісінің барысы жөнінде мәлімет беріп отыруды сұрадық. Елші Имомуддин Сатторов Тәжікстан азаматы аяусыз соққыға жығылғанын, жазаның да қатал болу керек екенін айтып отыр", — деді Сарвар Бахти.

Осының алдында РФ президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңес "Мәскеу" сауда орталығында адамдарды ұрып-соғуға қатысты дәйекті жіті тексеруді талап еткен.

20 қыркүйекте Мәскеудің Тихорецк бульварында "Мәскеу" сауда орталығы мен тәжік мигранттары арасында жаппай төбелес болды. Оған ауыр соққыдан 27 жастағы жүк тасушы Навруз Зикировтың өлімі себеп болған.

Бірақ Навруз Зикировтың өлімі анықталмады. Ол ауыр халде ауруханаға түскен. Кейін оны Тәжікстанға жөнелткен.

Abai.kz

0 пікір