Жұма, 26 Сәуір 2024
3680 1 пікір 21 Маусым, 2017 сағат 11:34

Ресей Қырғызстанның 240 млн доллар қарызын кешірді

Ресей және Қырғызстанның қаржы министрлері сейсенбі күні қарыздарды реттеу туралы хаттамаға қол қойды. Құжат қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Ресейге ресми сапары барысында қабылданды.

Хаттама бойынша, Қырғызстанның 240 млн доллар қарызы кешіріледі. Ресей берешегі "Қырғыз Республикасының дамуына көмек" есебінде өшіріледі.

Бұған дейін - 2016 жылдың алғашқы тоқсанында Ресей Қырғызстанның 30 млн доллар берешегін кешірген еді. Соңғы 11 жылдың ішінде Ресей бұл елдің 703,2 млн доллар берешегін өшірді.

Атамбаевтың Ресейге сапары барысында екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық әріптестікті нығайту туралы жаңа декларация қабылданды. Құжаттың негізгі бөлігі терроризммен күреске арналған.

"Тараптар ортақ әскери-стратегиялық кеңістік аясында бірлескен қорғанысты күшейтеді", - делінген декларацияда. Атап айтқанда, Ресей мен Қырғызстан бірлескен аймақтық Зымыранға қарсы қорғаныс кешенін құруға келісті.

Абай-ақпарат

1 пікір