Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3581 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 03:43

Сымбат Сұлуова. Қазақ сайттарының бағасы қандай?

Ахас Тәжуітов ағамыздың жетекшілігімен шығатын www.inosmikz.com сайтынан Нұржан Егембердиевтің «Рейтинг популярности сайтов самых многотиражных казахских газет» деген мақаласын байқап қалдық.  Автор әлемдегі веб-ресурстардың «бағасын» өлшейтін www.websiteaccountant.com сайтын пайдаланып, елімізде шығатын ұлттық басылымдарының интернеттегі нұсқаларының рейтингісін жасап шығыпты.

Аталмыш сайтқа кез-келген тұтынушы кіріп, өзін қызықтырған веб-ресурстың «бағасын» өлшей алады. Мысалы, өз сайтыңыздың «виртуалды құнын» анықтағыңыз келсе, оның атауын арнайы терезеде теріп, «есепте» деген түймешеге бассаңыз жеткілікті. Сайт автоматты түрде оның күнделікті оқырмандарының, сайтқа жасалған ғаламтордағы сілтемелердің санын, сайттың «Гугл» сияқты жүйелердегі орнын т.б. көрсеткіштерді саралап, оның АҚШ долларымен есептелген «бағасын» анықтайды.

Осы тәсілмен жасалған қазақ газеттерінің интернет-сайттарының жарысында алғашқы орынға «Алаш айнасы» басылымы шығыпты. Газеттің интернет-сайтының «бағасы» 6864 долларға теңеліпті!

Сайттар

Күнделікті қаралған беттер саны

Таза бағасы

1

alashainasy.kz

3 018

$ 6 864

2

egemen.kz

2 942

$ 6 691

3

aikyn.kz

2 635

$ 5 993

4

zhasalash.kz

1 542

$ 3 506

dmk.kz

980

$ 2 229

altyn-orda.com

682

$ 1 552

5

kazgazetteri.kz

607

$ 1 380

6

anatili.kz

579

$ 1 318

saryarka-samaly.kz

194

$ 441

7

turkistan.kz

119

$ 272

Осы тәсілмен біздер қазақ  интернет-сайттарының «бағасын» да анықтап көрдік. Аталмыш www.websiteaccountant.com сайтының дерегіне сенсек, өздеріңіз сүйіп оқитын www.abai.kz ақпараттық порталының бағасы 7448 долларды құрап, ол қазақ ресурстарының ішінде бірінші орынға ие!

Сайттар

Күнделікті қаралған беттер саны

Таза бағасы

1.

www.abai.kz

3278

$ 7,448

2.

www.massagan.com

2910

$ 6,620

3.

www.namys.kz

1114

$ 2,535

4.

www.minber.kz

223

$ 760

5.

www.zamandas.kz

208

$ 472

Міне, www.websiteaccountant.com сайтының тәсілімен есептелгендегі қазақ веб-ресурстарының «бағасы» әзірге осындай ғана! Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер...

«Абай-ақпарат»

0 пікір