Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3144 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 06:34

Инфляция қазан айында 0,9%, жылдық көрсеткіште 7,3% құрады - статагенттік

Алматы. 1 қараша. ҚазТАГ – ҚР-да 2010 жылдың қазан айында тұтыну бағаларының өсуі 0,9% құрады. Жылдық көрсеткіште инфляция 7,3% құрады. Дүйсенбі күні ҚР статистика жөніндегі агенттігі осындай ақпарат жариялады.

Инфляция құрылымында азық-түлік өнімдерінің бағасы 1,3%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6%-ға, ақылы қызметтер 0,7%-ға қымбаттаған.

«Өткен айда нан өнімдері мен жарма өнімдерінің бағасы 2,2%-ға қымбаттаған, қарақұмық жармасы 12,8%-ға, ұн – 4%-ға, тары – 2,6%-ға, нан – 2,3%-ға, макарон өнімдері 2%-ға қымбаттаған. Жұмыртқа бағасы 6,2%-ға өсті, май бағасы - 3,4%-ға, сүт - 2,4%-ға, қант – 1,6%-ға, жеміс пен көкөніс – 1,5%-ға, ет өнімдері – 0,6%-ға қымбаттаған», - делінген статагенттіктің ақпаратында.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, сұйытылған газ бағасы - 2,5%-ға, қатты отын – 1,5%-ға, бензин – 1,5%-ға, дизель отынының бағасы 2,9%-ға өскен.

«Амбулаториялық қызметтер 1,8%-ға, жоғары білім қызметтері – 1%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері – 0,9%-ға, көлік қызметтері – 0,8%-ға, мәдениет қызметтері– 0,5%-ға қымбаттаған. Тұрғын үй-коммуналдық салада тарату желісімен тасымалданатын газ тарифі 2,6%-ға, орталық жылыту тарифі - 1,7%-ға, ыстық су – 0,6%-ға, электр энергиясы 0,2%-ға қымбаттаған», - делінген таратылған ақпаратта.

0 пікір