Жұма, 26 Сәуір 2024
Жанайқай 5286 5 пікір 20 Сәуір, 2017 сағат 13:20

Сәбидің сөзі: "Үкімет не қарап отыр?.."

Бұл қыз бар болғаны 10 жаста. Аты Махаббат. Ақтөбедегі жайылма су шайып кеткен үйлердің бірінде тұрған. Оқулықтары қиранды үйдің астында қалғанына қынжылған қыздың жанайқайына селт етпеу мүмкін емес.

"Үкімет не қарап отыр?" Бұл 10 жастағы Махаббаттың ғана емес, көпшіліктің көкейіндегі сұрақ.

Бұл "Диапазон" дайындаған материал әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Баспанасыз қалғанын айтып, оқулығының суға ағып кеткеніне қапа болған Махаббатқа көмек қолын созамын деушілер жоқ емес.

Десе де мәселенің мәнісіне үңілейікші. Табиғи апаттың артында адами фактор бар екені жасырын емес қой. Бұған жауапты органдар бар. Төтенше жағдайлар департаменті не қарап отырды дейміз...

Кішкене Махаббаттың "Үкімет не қарап отыр" деп қынжылуы заңдылық.  Халық жылу жинап жатыр. Үкімет ше? Парламент ше?

Су басқан аймақтың жағдайын шенділер Астанада отырып талқылады.

Жыл сайын топан судың алдын алу үшін Үкімет бюджетіне қыруар қаржы бөлінеді екен. Бұл туралы депутат Владислав Косарьев айтты. Ол ақша қайда кетті?

Ай сайын 900 мың жалақы алатын депутаттардың қайсысы қара халықтың жайын өз көздерімен барып көрді?

Abai.kz

 

5 пікір