Бейсенбі, 27 Ақпан 2020
Жаңалықтар 1216 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 05:46

Ербақыт Амантайұлы. АРТЫҚ АҚША ШЕКАРАДАН АСПАЙ ҚАЛДЫ

Өткен демалыс күндері “Жаңажол” кеден бекетінде экономикалық контрабанданың бірнеше  фактісі әшкереленді. 
Кеденшілердің қолына түскендердің бірі тіркемесі бар  “Renault Magnum” маркалы жүк автокөлігінің жүргізушісі 600 мың рубль жасырып, оны Ресейдің Санкт-Петербург қаласына заңсыз түрде алып өтпекші болған.
Бұдан басқа, Қарағанды қаласынан бет алған азаматты тінту барысында одан да декларацияланбаған 80,6 мың Ресей рублін анықтаған.
Дәл осы күні кеден бекетінде осыған ұқсас тағы бір заңсыз іс-әрекеттің беті ашылды. Айласын іске асыра алмай қалған жүк автокөлігінің иесі де Қарағанды қаласынан екен. Оның шекарадан заңсыз алып өтпекші болған 600 мың рубль қаржысы да көліктің моторына жақсылап жасырылған.
Жексенбі күні кеден бекетінде тіркемелі “Mersedes Benz” маркалы автокөлігінің жүргізушісі құрықталады. Германия азаматы Алматыдан Гамбург қаласына бет алған. Жолаушылар кеден декларациясын толтырған соң, жеке тексеру кезінде оның қара папкасының ішінде ресімделген 30 мың ресей рубль, 700 доллар мен 510 евро қаржысынан басқа декларацияда көрсетілмеген 12 мың евро ақшасы жасырылғанын анықтады.

“Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” ҚР Заңының 2 бабына сәйкес, жеке тұлғалардың республика аумағына кіргізілетін немесе одан шығарылатын көлемі 3 мың АҚШ долларынан асатын ұлттық немесе шетел валютасы міндетті түрде кеденде ресімделуі тиіс. Демалыс күндерінде кеденшілер осындай талаптан жалтарған адамдардан барлығы 8,5 миллион теңге қаржыны тәркіледі.
Бүгінгі күні жоғарыда аталған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.
Жыл басынан бері облыстық кедендік бақылау департаментінде 28 қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген тауар мен қаржы 84 миллион теңгеге бағаланды.

Солтүстік Қазақстан облысы

0 пікір