Жексенбі, 22 Қыркүйек 2019
Әдебиет 4278 4 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 16:28

Жанболат Аупбаев. Құсни-Қорлан

2010 жылғы шілде айы еді. Елді елең еткізген бір оқиға болды. «Ол не?» дейсіздер ғой. Атақты Естай ақын әнінің прототипі Қорлан апамыз бар емес пе?! Міне, сол асылымыздың зираты табылыпты. Білмей келіппіз, сұлулық символы болған ғазиз жанның бейіті оқиға болып, ән туған Павлодар өңіріндегі Маралды маңайында емес екен. Ол сонау Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесінің Славгород төңірегінде болып шықты. Міне, сол жерде бүкіл бір халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, ұлт махаббатына айналған қазақтың хас сұлуы 30-жылдардың аяғында мәңгілік сапарға аттаныпты.

Ал оны тауып, анықтаған, анық­тап қана қоймай, басына қызыл гра­­ниттен белгітас орнатқан кім­дер дей­сіздер ғой... Олар – Қуат Есім­ха­нов пен Ерлан Арын деген екі аза­мат. Қуатты көзі қарақты жұрт бас­пасөз беттерінен жақсы білсе керек. Ол егемендіктің елең-алаңында Ертіс бой­ында қызмет істеп жүріп Ер­мак­тың ескерткішін алғызған, одан кей­ін Қызылжардағы жұмысы ке­зін­де Омбыдағы Мағжан Жұмабаев оқыған педагогикалық училищенің қа­бырғасына ұлы ақынға арнап ме­мо­риалдық тақта орнатуға ұйытқы бол­ған қандасымыз. Бұл азамат осы бе­ртінде Астанада қызмет атқарып жү­ріп, 1937 жылы Көкшетаудағы ес­кі зиратта жерленген дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің тұяғы – ғай­ып құсы Аянға белгітас қойып та­ғы бір сауапты іс жасады. Ал Ерлан болса, өзіміз сөз етіп отырған 2010 жылға дейін Павлодардағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік уни­верситетте ректор бола жүріп, об­лыстық мәслихаттың депутаты ре­тінде қаладағы көптеген көше, меке­ме аттарын қазақыландыруға бел ше­ше кіріскен ұлтжанды азамат-тын. Сон­дай-ақ, оның сол кездері атақты Мәш­һүр-Жүсіп мұраларының 20 том­дығын шығаруды қолға алып, қа­сиет­ті бабаның Ескелдідегі мазарын жаңа үл­гі­де тұрғызуға ерекше үлес қосқан ең­бегі және бар. Осы екі бауырымыздан 2010 жыл­дың 8 шілдесінде редакцияға ар­найы хат келгені әлі есімізде. Он­да Ресейдің Алтай өлкесіндегі При­тыка селосы іргесіндегі қазақ зи­ра­тында аты ән мен жырға ай­нал­ған Қорлан апамызға белгітас ор­на­ты­ла­тындығы, сол шараға біздің газет­тен де өкіл қатысуы сұралыпты. Осы­дан кейін көп кешікпей жолға шық­қанбыз. Құ­­рамымызда ғалымдар Қ.Сал­ға­­раұлы мен Т.Жұртбай, жа­зушы Ә.Са­рай, саясаттанушы Д.Мыңбай мен қаламгерлер Е.Шаймерденов, Ғ.Мү­сіреп және композитор Ж.Тұр­сынбаев бар топ Астанадан Пав­ло­дар­ға келдік. Ол жерден ертесінде та­­ңер­тең Ресей шекарасына бет ал­дық та, бақылау бекетінен өткен соң Құ­лын­ды даласын кесіп өттік. Көп ұза­май Славгород та көрінген. Оны да арт­қа тастап, Бөрілі деп аталатын ау­д­ан­­ның бұрынғы Топольский кең­ша­рына қарай бұрылдық. Сөйтіп мұн­да­ғы Притыка бөлімшесіне жеткен­де ат басын тежедік. Көліктен түскен соң осы елді мекен іргесіндегі зиратқа беттеп, ондағы бел­гітастың ашылуына жиналған жер­гілікті тұрғындармен амандасып, жөн сұраса бастадық. Мұнда көп­теген қазақ отбасылары тұрады екен. «Бұл жер негізінен Қаранай деп аталады, деді Алтай өлкесіндегі Бла­говещенск қазақ диаспорасының төрағасы Сапарбек Маусымбаев. – Осыдан 25 шақырым қашықтықта Сұлтан, Сұңқарбек деген қоныстар бар. Ол Қорлан апамыздың туған жері әрі әкесі мен әкесінің ағасының аттары сақталып қалған елді мекендер. Ал Қаранайдан 60 шақырым шамасындағы Қуат ауылы өзіміз сөз етіп отырған кейіпкеріміздің ке­лін болып түскен жері. Енді, мына Қа­ра­найдың өзіне келсек, бұл – Қорлан Сұл­танқызының нағашы жұрты. 1937 жыл­ғы зобалаңда ол кісі балаларымен осы ауылды сағалап келген ғой. Қ­а­зір бұл жер Притыка деп аталады».

Осыдан кейін көп ұзамай жиын да басталған. Оны қысқаша сөзбен аш­қан Қуат Есімханов: «Уақыт қа­ба­ғы мен мезгіл ауанына байланыс­ты сұлулық символы – Қорлан апа­мыз­дың мүрдесінің қайда екенінен ха­барсыз болдық. Енді, міне, 73 жылдан кей­ін жоғалтқан жауһарымыздың де­регін тауып, басын қарайтуға келіп тұр­мыз. Өткен заманда Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңлік сияқты хас сұлулар өмір сүр­ген десек, Қорлан апамызды да сол арулардың қатарына қоюға әбден бо­лады. Себебі, ол ХХ ғасырдағы қа­зақ даласының махаббат гимніне ай­налған бейне», деп жұртшылық ал­дына Қанат Назымбекұлы атты қа­рияны шақырды. Сұрастырып біл­сек, бұл кісі Қорлан апамыздың ту­ған немересі екен. Ақсақал өз сөзін ер­те­дегі осы өңір қазақтарының та­ри­хына шолу жасаудан бастады. Онд­а­- ғы әңгімеге қарағанда апалы-сіңлілі Құсни мен Қорланның әкелері Сұл­тан би, ал ағасы Сұңқарбек осы Қаранай аймағының болысы болған адамдар екен. Қорлан кәмелеттік жас­қа жеткен кезде бойжеткенді ір­гелес ауылдағы Қуат байдың ұрпағы Нұр­мұханбетке ұзатады. Алланың жа­зуы, аталарының ұйғаруы бойынша отау құрған жұбайлар өмір­де сыйластықпен ғұмыр кешеді. Нәсифолла, Ғабдыжаппар, Ғаб­дұл­ха­мит, Зейнелғабиден, На­зым­бек есімді бес баланың әке-шешесі атанып, 30-жылдарға дейін бақытты өмір сүреді. Содан кейінгі тәркілеу мен ашар­шылық Қуат байдың әулетін қатты есең­гіретеді. Ал 37-нің зобалаңы тіпті сұмдық еді. Жергілікті билік қазақ ауылдарындағы оқыған азаматтарды атып-асып болған соң, араларында Нұрмұханбет бар топты шахта мен темір жол жұмысына апарып салу үшін Приморьеге айдайды. Сол аласапыран уақытта Қорлан анада бір ғана үміт болған дейді білетіндер. Ол өзінің шиеттей бала-шағасы – бес ұл, бір қызын қалай да аман алып қалу үшін 60 шақырым жердегі на­ға­шы­ларына жету еді. Жетеді де. Бірақ пер­зенттерін өзі іздеп келген отбасы­на табыстап бола беріп, күзгі қара суық­тағы азапты жолдан қалжыраған ға­зиз жан үзіліп кетеді. Қарғыс атқыр 37-дегі Қорланның жағ­дайы осылай болса, ері Нұр­мұ­хан­беттің тағдыры басқаша өр­би­ді. Ол кісі итжеккендегі лагерьде жүр­г­енде елдегі бес ұлының үше­уі со­­ғысқа алынады. 1942 жылы олар­дың арасындағы Зейнелғабиден Ста­лин­град түбінде қаза табады. Сол уа­қыт­тағы заң бойынша бір отбасынан екі немесе үш адамның майданда болуы репрессияға ұшыраған ата-анаға же­ңілдік әкеледі екен. Приморьеде жүр­ген Нұрмұханбет үкіметтің осындай пәрменімен лагерьден босайды. Бұл 1943 жылдың көктемі-тін. Елге кел­ген соң бар жағдайға қанығады. Ба­лаларын жинап алып оқытып, олар­ды адам қатарына қосуға әрекет жа­сайды. Ешкімге үйленбей, ұл-қыз­да­рының тілеуін тілеген күйі 1966 жылы өмірден озады. Қанат Назымбекұлының жо­ға­­ры­дағы сөзін бар зейіндерімен тың­да­­ған жұртшылық келесі кезекте зи­рат басындағы Сайлаубек молда оқыған құран-хатымға ұйыды. Осы­дан соң Астанадан келген ғалым-жа­зушылар Қойшығара Салғараұлы, Әнес Сарай және сөз етіп отырған шараға мұрындық бола білген Қуат Есімханов пен Ерлан Арын бастаған топ белгітасты ашуға беттеді. Лента қиылып, ескерткіштен ақ жамылғы сы­пырылып түскен сәтте Қорлан апа­мыздың тасқа қашалып жазылған аты-жөні, туған және қайтыс болған жылдары көзге шалынды. Ал одан төменіректе: «Дариға, өлмейтұғын әнге айналған, Дүниеге қайта келмес қайран Қорлан...» деген ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының қаламынан ту­ған өлеңнің екі жолы орын теуіпті. Белгітастың ашылу рәсімі біткен соң осы Притыка бөлімшесіндегі с­е­г­ізжылдық мектептің асханасында қонақтарға арналып дастарқан жай­ылды. Сол жерде композитор Жоламан Тұр­сынбаев жанында отырған Қор­лан апамыздың немересі Қанат На­зымбекұлы қарияға екі сауал қой­д­ы. Оның алғашқысы Естайдың «Құс­ни-Қорлан» әнінің туу тарихы да, одан кейінгісі Құсни қыздың тағ­ды­ры туралы сұрақ еді. – Ресейдегі мына Славгород, Құ­лын­ды өңірі мен Қазақстандағы Ма­- р­ал­дының арасы жақын, – деп бастады сө­зін Қанат ақсақал. – Үлкендерден ес­туіміз бойынша бір жазда апалы-сің­лілі Құсни мен Қорлан сол ел жақтағы тойға барады. Онда Естай ақын да болыпты. Жастарға арналып тігілген киіз үйдегі ойын-сауықта атақты әнші өздері де, киімдері де өз­ге­ше екі сұлу қызды көріп қалады. Сөй­теді де бір сәттік көріністі ұмыта ал­май, терең толғанысқа беріледі. Ал Қорлан ше? Тойдан келген бой­жет­кенді бұрынғы атастырып қойған же­рі­не ұзатылу күтіп тұрған еді. Оны естіген Естай ақын түрлі ойға бе­рі­леді. Ақыры соның, яғни сан түрлі се­зімнің әсерінен кейін ол «Құсни-Қорлан» әнін тудырады. Апамыз көрші ауылға келін болып түскен соң, Маралды, Кереку жаққа қайтып бар­ма­ған. Бүкіл өмірі осы төңіректе өт­кен. Естайдың да бұл жаққа жолы түс­­пеген. Осылайша тойдағы бір сәт­­тік көрініс әсерінен ақын артында аңыз­ға айналған ғажайып ән қалған. Ал Құсниға келсек, ол кісіні ешкім біл­мейді. Қайда, кімге ұзатылған? Тағ­дыры қалай болған? Қашан өмірден өткен? Міне, мұның бәрі сол замандағы жөн білетін аталарымызға да, одан кейінгі біздерге де жұмбақ? Еш жерде ешқандай дерек қалмаған. Қанат қария осы сөздерді айтты да бір сәтке үнсіз қалды. Осы кезде қайтар жолдың ұзақтығы есімізге түскен біз орнымыздан қозғалақтай бастадық. Мұны сезген Сайлаубек молда ас қайырып, бәрімізге сәт сапар тіледі. Біз де ормандай орыстың ортасында отырған қаракөз бауырларымызбен қайыр қош айтысып, Ресей – Қазақстан шекарасына қарай бет алдық.

Жанболат АУПБАЕВ,

Дереккөзі: «Егемен Қазақстан»

Abai.kz

4 пікір