Жұма, 18 Қазан 2019
Қоғам 4154 0 пікір 25 Қаңтар, 2015 сағат 11:27

ОРЫС БҰРЫНҒЫ ТӘСІЛІНЕ БАСТЫ

Орыс империясының соғыс тәжірибесі Украинада қолданылып жатыр.
Жалпы Орыс империясы уәделер мен келісім-шарттарды алдандыра тұрудың құралы етіп келгені белгілі. Біз қазақтарды да сол сенгіштігімізден пайдаланып, халқымызды қырып, жерімізден айырды. Енді Украинаны да Минск келісімі арқылы алдай тұрып, гуманитарлық көмек деген атпен оқ-дәрі, қару-жарақты тасыды. Енді "біздің әскер Украинада жоқ" деп бетпақтана отырып, әскерін кіргізіп жатыр. Тіптен қырғын соғысқа салуда. Жұмыссыз қалған жастар мен түрмедегі бандиттердің бәрін жалақы беріп, психологиялық дайындықтан өткізіп, соғысқа дайындап, Украинаға аттандырды. Әйтпесе, сепаратистердің қаруы осындай озық болмас та еді және олар бұл қаруларды пайдалана білмейді ғой. 
Жалпы Ресейдің Абхазия мен Осетия үшін Грузияны, Таулы Қарабақ үшін Әзербайжанды құрбандыққа шалғаны белгілі. Енді сол тәсілді Украинаға қолданбақ. Алайда Украина оңай алдырар қарсылас емес. Бұл - Батыс пен Ресейдің саяси мүддесінің түйіскен жері. 
Енді Балтық елдері жанталаса шырылдап жатыр. Еуропа не ары емес, не бері емес, екі ортада жүр. АҚШ соғыс дайындығына көшті. Олар Украинаны қаржымен, қару-жарақпен қамдап отыр. Осылайша ғаламдық соғыстың жаңа ошағы пайда болу қаупі бар. 
Ресейдің күшеюі де, тым әлсіреп күйреуі де Қазақстанға тиімсіз. Үйренген жауды пайдалана отырған абзал шығар. 

Бейсен АХМЕТҰЛЫ.

 

Абай.kz 

0 пікір