Бейсенбі, 17 Қазан 2019
Мың бір мысал 4163 0 пікір 28 Қаңтар, 2015 сағат 09:20

ЖҰМЫРТҚАДАҒЫ ЖАЗУЛАР

Жаңа туған нәресте денесінен бастап, аспандағы жұлдыздардан, алмадан Алла деген жазу табылуда. Осындай бір белгі Аягөзде де пайда болды.  

Аягөз орталық мешітіне кеп намаз оқып, иманға иіп жүретін бір әйел «Тауығым ерекше жұмыртқа тапты, анықтап қарасаңыз бір жазу бар сияқты» деп екі жұмыртқаны мешіт үйінің қызметкерлеріне береді. Жұмыртқаны анықтап қараған дін қызметкерлері бірінен «Аллаһ», екіншісінен «Лиллаһ» деген арабша жазуды оқиды.

Орталық мешіттің наиб-имамы Дәулет қажы Қинаятұлы 2012 жылдар шамасында тағы да бір осындай оқиға болғанын айтады. Ол кезде аягөздік Сұлтан қажының қойы бауырында «Аллаһ» деген арабша жазуы бар бір қозы туыпты. «Мұндай құбылыстар жалпы адамзатқа Хақ Тағаланың барлығынан хабар беріп, иманға бой үйіріп, Алланың құдіретіне бас июді меңзейді» дейді наиб-имам.

Айтпақшы осы жылдың қаңтар айының 24-інде Аягөзде мәуліт мерекесі тойланып, сол күні орталық мешіттің ішінен мұражай ашылды. Осы мұражайдың ішінде өңірдегі діннің өрістеуіне толымды үлес қосқан тұлғалар, олардың тұтынған заттары, ескі Құран кітаптары, намазхандардың қолына шыққан бұйымдар қойылған. Жоғарыда аталған жұмыртқаларды да осы мұражайдан көре аласыздар.

 

Ермек Тұрсынұлы.

Аякөз қаласы.

 

Абай.kz 

 

Дереккөз: http://shygysainasy.kz/?p=958

 

0 пікір