Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019
46 - сөз 4489 0 пікір 28 Ақпан, 2015 сағат 13:06

ТІЛДЕГІ ТОКСИКОЗ: ПАПУАСТАР ПЛАНЕТАСЫНДАҒЫ ПАРАДИГМА...

Екіқабат (жүкті) әйелдерде «жерік» - «токсикоз» болып қалды деген бір сөз бар. Осы жайлы кейбір «дәрігерлердің» өздері жақсы білмейді екен. Басты себебі - бір организмде екі адамның сұранымы мен қарама-қайшылықтар пайда болады. Сол кезде жүкті әйел ұнамаған тамақ ішсе, құса бастайды. Өйткені, құрсағында, "жатырда" жатқан нәрестеге ол тамақтар ұнамайды екен... Сол сияқты, мемлекетте екі тіл болса...

Мынандай парадокске қараңыз, Ресейге діні де, тілі де ұқсас Белоруссия мен Украина өз тілдерінде сөйлейді! Айтпақшы, естеріңізге сала кетейін, Жаңа Гвинеядағы папуастар да өз тілінде сөйлейді. Бізде заң шығаратын орын - Мәжіліс, Сенат мемлекеттік тілде сөйлей алмай отырғаны ненің көрсеткіші, достар?!
Әлде «Парадокс - гениев друг» деген Пушкиннің сөзін қазақ тілі ғана дәлелдеу керек пе?

(Советқазы Нұрсиланың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір