Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4209 0 пікір 28 Наурыз, 2015 сағат 14:56

СЫЗДЫҚОВ СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ

ҚР президенттігіне кандидат Тұрған Сыздықов Астана қаласында Еуразия гуманитарлық университетінің бір топ студентерімен жолықты.

Жастармен болған еркін әңгімелесуде Т.Сыздықов батыстық мәдениеттің көлеңкелі ықпалы туралы мәселе көтерді.

- Голливудтік фильмдер мен батыстық компьютерлік ойындар зорлық-зомбылыққа толы. Батыстық мода күнделікті киіп жүрген киімдердің еліктер үлгісі болудан қалды. Бүгінде батыстық мәдениеттің негізінде не жатыр – зорлық-зомбылық пен өңшең адамгершілікке жат қылықтар, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға деген құлшыныс жоқ. Батыстық тамақтану жүйесі, өлшеусіз көлемде фаст-фуд тұтыну адамдардың денсаулығын қауіпке тігіп отыр. Бұл жүйе аз шығынмен мол табыс табуды ғана мақсат тұтады.

Зиянды азық-түлікті тұтынудың салдарынан түрлі ауру-сырқаулар туындауда. Дұрыс тамақтанбау және салауатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен семіздікке, ақыл-естің ауытқуы сынды түрлі дерттерге шалдыққан елдер рейтингінде Батыс мемлекеттері алда келеді», - деді ҚР президенттігіне кандидат.

Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, үміткердің ел дамуына қатысты ойларын білді.

Абай-ақпарат.

0 пікір