Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020
Өз сөзі 5808 0 пікір 26 Сәуір, 2015 сағат 18:50

«ӘЛІБИГЕ ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАН ЕШКІМ ЖОҚ»

 

- Айнұр, кеше сіз Әліби Жұмағұловты қандай жағдайда көрдіңіз?  

- Біздің үйде кеше куәгерлер болды: оның (Әлібиді айтады - ред.) денсаулығы жақсы көрінді, ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзінің жүріп-тұратындығы байқалды.  

- «Біздің үй» деп отырғаныңыз сіздің Жамалиев мырзамен бірге тұратын үйіңіз бе?

- Иә, ол (Әліби - ред.) кеше біздің үйге келді.

- Не үшін келді?

- Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін келді.

- Құқыққорғау қызметкерлерімен бірге келді ме?

- Иә. Ол маған ширақ әрі сергек көрінді. Келді, өз аяғымен кетті. Айтпақшы, жұрт айтып, шулап жатқан оқиға болған күні ол осы арадан таксиге мініп кеткен болатын. Кешегі куәгерлер мүлде басқа адамдар болып шықты. Біздің үйдегі жайды көршілеріміз ғаламтор арқылы ғана білуде.

- Ал, сіз Әлібимен сөйлестіңіз бе?

- Жоқ.

- Әліби сіздердің үйлеріңізде біраз уақыт болды ма?

- Шамамен жарты сағат, әлде 20 минут.

- Оның қасында қанша полиция қызметкері болды?

- Екеу.

- Әліби ауруханадан шығып қойған ба?

- Шынымды айтсам, білмеймін. Менше болғанда, ол туралы сөзді жұрт "ауруханада", "жансақтау бөлімінде жатыр", "бойынан көп қан жоғалтқан" деп әдейі гулетуде. Мүмкін, ол қазір, рас, аруханада жатқан шығар. Оны ауруханада арнайы жасақ күзетіп, қорғап тұруы да ықтимал. Нақтысын білмеймін. Бірақ, анық жайт – ғаламторда сөз болып жатқандай, оның құлағын кесіп, ернін тілген ешкім жоқ. Ол өзі жүріп-тұрады. Жағдайы жақсы. Мен өз көзіммен көрдім. Бірінші қабаттағы адамдар, көшедегі жұрт бар, күзетшілеріміз бар – бәрі көрді. Бәрі-бәрі көрді.

Бұл – Айнұр Исинаның (суретте) Today.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатының ұзын-ырғасы. Біз қысқартып беріп отырмыз. Сұлулар байқауынан кезінде жүлде алған Айнұр ханым тілшімен сұхбатында Әлібиге ешкім әлімжеттік жасаған жоқ деп бағады. Айнұр қазір қарағандылық кәсіпкер Қайрат Жамалиевпен 7 жылдан бері заңды некеде екен. Алдағы таяу күндердің бірінде 26 жасқа толмақ. Қамаудағы Қайратқа барып жүрген оның бұрынғы әйелі, яғни Қайраттан туған балалардың анасы дейді. Айнұрдың өзі де Қайраттан бір бала сүйіпті. Баласы қазір – 7 жаста. "Қайрат өте жақсы адам. Жетімдер үйіне жағдай жасап, қаріп-қасірлерге көмектесіп тұрады. Әлібимен бәлендей жақындығым жоқ. Жас жігіттің ойндағысын білімеппін. Білгенімде маңыма жуытпас едім, ол маған «жетіммін» деді, Әліби емес, «Әлханмын» деп танысты, кейін «кісі өлтіргенмін» дейтін сөздер айтып қорқытты, «сенің күйеуің миллионер, ол жүргіш еркек» деп басымды айналдыра бастады" дегенді айта келіп: «Әліби Қайраттан ақша алмақшы болды. Пәлеге өзі ұрынды», - дейді. 

Abai.kz  

0 пікір