Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 7671 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 13:51

НАЗАРБАЕВ - НАР ТҰЛҒА

Тәуелсіз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің еңбегіне қандай марапаттар көрсетілді? Өмір жолында қандай баспалдақтарды басты? Біз бүгін солардың біразын санамалап, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы (қазіргі – Қарасай) Шамалған ауылында дүниеге келген. 

1958 жылы Н.Ә. Назарбаев Қаскелең ауданы Абай атындағы орта мектепті медальмен аяқтайды. 

1958 жылы Н.Ә. Назарбаев комсомолдық жолдамамен Теміртаудағы металлургиялық зауыттың құрылысына жіберіледі. 

1958 жылдың 20 қарашасы мен 1960 жылдың 26 сәуірі аралығында қазақтың бір топ жігіттерінің қатарында Н.Ә. Назарбаев Днепродзержинск қаласы (Украина) Днепр металлургиялық зауыты (қазіргі – «Днепр металлургиялық комбинаты» ААҚ) жанындағы № 8 техникалық училищеге оқуға түседі. 

1960 және 1969 жылдар аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істейді. 

1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (жтоо) бітіреді. 

1962 жылдың қарашасында Н.Ә. Назарбаев Кеңес Одағы Коммунистік партиясының қатарына қабылданады. 1962 және 1991 жж. КОКП мүшесі. 

1969–1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсомолдық жұмыстарда. 

1973 жылдың қазаны мен 1977 жылдың наурызында Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы

1973–1976 жылдары Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК жанындағы Жоғары партиялық мектепте сырттай оқиды. 

1977 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды обком партиясының хатшысы.

1977 жылдың желтоқсаны мен 1979 жылдың желтоқсаны аралығында Қарағанды обком партиясының екінші хатшысы.

1979 жылдың желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев өнеркәсіп, көлік және байланыс бойынша Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланады. 

1981 және 1986 жылдар аралығында КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының мүшесі. 

1984 жылдың наурызы мен 1989 жылдың маусымы аралығында Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1986 және 1991 жж. аралығында КОКП ОК-нің мүшесі. 

1989–1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында бір уақытта – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.

1989 жыл мен 1992 жылдың қаңтары аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі 10-шы, 11-ші шақырылымдарының депутаты.

1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының бірінші сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланады. 

1990–1991 жылдары КОКП ОК Саяси бюроның мүшесі.

1991 жылдың 28 тамызында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының міндетінен бас тартып, ОК қызметінің тоқтатылуы туралы сөз сөйледі. 

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 

1992 жылдың 29 желтоқсанында Ресейдің басқару академиясында (Мәскеу қ.) Н.Ә. Назарбаев «Ресурстарды сақтау және нарыққа өтудің экономикалық стратегиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды. Мамандығы 08.00.05 – «Экономика, жоспарлау, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқаруды ұйымдастыру».

1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігі

2000 ж. дейін ұзартылды. (сайлауға қатысушылардың 91,26%-ның 95,46%-ы дауыс берді).

1999 ж. 10 қаңтарында өткен ҚР Президентінің кезекті сайлауының қорытындысы бойынша Н. Назарбаев 79,78% дауысқа ие болып, жеңіске қол жеткізді.

2005 ж. 4 желтоқсанында кезекті президенттік сайлау өткізілді. Кандидат Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 91,15 пайызы дауыс берді. 

2010 жылдың 15 маусымында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қызметін қамтамасыз ету заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне Елбасы мәртебесі бекітілді. 

2011 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Н.Ә. Назарбаевқа сайлаушылардың 95,5%-ы дауыс берді. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

КСРО мемлекеттік наградалары
– Еңбек Қызыл Ту ордені (1972 ж.);
– «Құрмет белгісі» ордені (1972 ж.).

Шет мемлекеттердің атақтары, титулдары мен наградалары

– тарихи әділеттілікті қалпына келтіру – православтік шіркеудің киесін қайтарудағы пайдалы қызметі үшін 1 дәрежелі әулие тақуа Мәскеулік князь Даниилдің ордені (Орыс православтік шіркеуі, 13 қараша 1996 ж.)

– «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» Үлкен лентамен көмкерілген Үлкен Крестің иегері ордені (Италия Республикасы, 5 мамыр 1997 ж.).

– Украина мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін I дәрежелі князь Ярослав Мудрый ордені (Украина, 14 қазан 1997 ж.).

– «Буюк хизматлари учун» ордені (Өзбекстан Республикасы, 31 қазан 1998 ж.) Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға, тарихи қалыптасқан өзбек-қазақ мәдени, рухани және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге, екі елдің халықтары арасындағы татукөршілік дәнекерлікті нығайтуға қосқан аса зор үлесі үшін.

– Әулие Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы, 12 қазан 1998 ж.) – Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін.

– «Румыния жұлдызы» ордені («Стяуа Ромынией») (Румыния, 11 қараша 1999 ж.) – Румыния мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті, өзара түсіністікті дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін.

– «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен құрмет жұлдызы» ордені (Австрия Республикасы, наурыз 2000 ж.) – Австрия мен Қазақстан арасындағы экономика, саясат және мәдениет салаларындағы достық байланыстарды нығайту ісіне сіңірген зор еңбегі үшін.

– «Ұлы Витаутас Үлкен Крест» ордені (Литва Республикасы, 11 мамыр, 2000 ж.) – Литва мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту ісіне қосқан жеке үлесі мен еңбегі үшін.

– Исмоили Сомони ордені (Тәжікстан Республикасы, 6 шілде 2000 ж.) – Тәжікстан мен Қазақстан халықтары арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстарды, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге сіңірген үлкен еңбегі, Тәжікстанда бейбітшілік орнатуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығының халықтарын жақындастыру жөніндегі қажымас күш-жігері үшін.

– Әулие Михаил мен Әулие Георгий орденінің Үлкен Кресі (Ұлыбритания, 15 қараша 2000 ж.) – ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлес, үшін.

– Құтқарушы ордені (Грекия Республикасы, 16 шілде 2001 ж.).

– Үлкен жұлдызы бар лентадағы Томислав король ордені (Хорватия, 18 шілде 2001 ж.) – Хорватия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін.

– IX Пий ордені (Ватикан, 11 қазан 2001 ж.) – мемлекетті басқарудағы шеберлігі мен таланттығы үшін, сонымен бірге Астанадағы қабылдауда көрсетілген құрметке ризалық белгісі ретінде.

– Бостандық алтын ордені (Словения Республикасы, 22 мамыр 2002 ж.) – Словения Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы сіңірген еңбегін мойындағаны үшін.

– Ақ қыран ордені (Польша Республикасы, 24 мамыр 2002 ж.) 

– Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін. 

– «Ұлы Бадр алқасы» ордені (Сауд Аравиясы Корольдігі, 3 наурыз 2004 ж.).

– I Леопольд ордені (Бельгия Корольдігі, 5 желтоқсан 2006 ж.).

– «Тәуелсіздік» ордені (Катар мемлекеті, 11 наурыз 2007 ж.).

– Ахмат Кадыров ордені (Шешенстан Республикасы, 4 маусым 2007 ж.)

– I дәрежелі Қосарлы ақ крест ордені (Словакия Республикасы, 21 қараша 2007 ж.).

– «Румыния Парламенті Сенатына 140 жыл» мерекелік медалі (Румыния, 22 қараша 2007 ж.).

– «Алқалы үлкен крест» ордені (Венгрия, 23 қараша 2007 ж.).

– «Ұлы Ніл» ордені (Мысыр, 17 мамыр 2008 ж.).

– Құрметті легион орденінің Үлкен Кресі (Франция Республикасы, 11 маусым 2008 ж.).

– «Үлкен лентадағы Хризантема» ордені (Жапония, 19 маусым 2008 ж.).

– «Емен тәжі» ордені (Люксембург Ұлы Герцогтігі, 27 маусым 2008 ж.).

– «Эрдэнэ Очир» ордені (Моңғолия, 6 тамыз 2008 ж.).

– «Үш жұлдыз» ордені (Латвия Республикасы, 3 қазан 2008 ж.).

– «Заид» ордені (Біріккен Араб Әмірліктері, 16 наурыз 2009 ж.).

– Финляндияның Ақ раушангүл ордені (Финляндия, 24 наурыз 2009 ж.).

– «Мугунхва» ордені (Мәңгі гүлдейтін раушангүл) (Корея Республикасы, 13 мамыр 2009 ж.).

– Бірінші дәрежелі Түркия Республикасының ордені (Түркия Республикасы, 22 қазан 2009 ж.).

– Атақ пен Абырой ордені (Орыс православтік шіркеуі, 18 қаңтар 2010 ж.) – діниаралық серіктестікті халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту ісіне қосқан үлкен еңбегі үшін. 

– Бостандық ордені ()Украина, 6 шілде 2010 ж. – украиндық-қазақстандық серіктестікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін.

– Мария Жері Кресінің ордені (Эстония Республикасы, 18 сәуір 2011 ж.) – Эстония Республикасы алдындағы ереше еңбегі үшін.

Abai.kz

0 пікір