Сенбі, 27 Сәуір 2024
Не көріп жүрсіз? 7770 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 10:59

ТҮРКИЯ ҰСТАНЫМЫНАН БАС ТАРТТЫ

Түркияның Әділет және даму партиясы Сирияда шамамен 6 жылдан бері орын алып жатқан соғыстың басынан бері ұстанып келе жатқан саясатынан жуық күндері Мәскеуде қол қойған құжат арқылы айнып шыға келді. Ресей елшісінің өлімінен кейін үш елдің СІМ Ресейде бас қосқан болатын.

Бұдан бұрын Ердоған «Асад кетуі тиіс» деді.  Террор ұйымы әл-Нусраға шаң жуытпады. ДАЕШ-қа қарсы күресіп жатыр деп ақтап алған болатын. Түркия СІМ Ресейге барған сәтінде-ақ А. Карловқа қастандық жасаған әл-Нусра террористік ұйымы екенін айтқан. Алайда, Түркия өзі ішінде елшіні өлтірген Ф. Гүлен адамдары деп ақпарат таратқан.  Түркия СІМ Мәскеу сапарында Сирия мәселесінде Түркия мүддесіне   толықтай қайшы құжатқа қол қойды. Әділет және даму партиясы (АКП) Күрдістан жұмысшы партиясы (PKK) мен «Демократиялық одақ» партиясының (PYD) атын да атамады.

Декларацияның толық мәтіні төмендегідей:

1- «Иран, Ресей және Түркия көп этникалық топтарды қамтыған, ағымы көп, демократиялық әрі секулярлы мемлекет ретінде Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен жерінің бүтіндігін толықтай қолдайды.

2- Иран, Ресей және Түркия Сирия дағдарысының әскери шешімі бола алмайтынына сенеді. БҰҰ-ның осы дағдарыстың шешімінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2254 шешіміне сай маңызды рөлі барын мойындауда. Министрлер Халықаралық Сирияны қолдау тобының шешімдерін де назарға алуда. Халықаралық қауымдастықты осы құжаттарда орын алған келісімдердің алдындағы тосқауылдарды алып тастау үшін оңтайлы серіктестік жасауға шақырады.

3- Иран, Ресей және Түркия Алеппоның шығысындағы бейбіт тұрғындарды ерікті түрде қауіпсіз аймаққа көшіруге және қарулы қарсыластарды ұйымдасқан түрде шығаруға мүмкіндік беретін ортақ шараларды бірауыздан қабылдайды. Министрлер Фуа, Кафрая, Забадани мен Мадаядан бейбіт тұрғындардың бірқатарын қауіпсіз аймаққа көшіруді де қуана қабылайды. Олар (Иран, Ресей және Түркия) бұл үрдістің үздіксіз әрі сенімді түрде аяқталуын кепілдеуді қабылдайды. Министрлер Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тұрғындарды басқа қауіпсіз аймаққа көшіргендігі үшін қарыздар.

4. Министрлер ел аймағында бейбіт режимнің кеңейтілуі, қайырымдылық көмектердің кедергісіз мұқтаж жандарға жеткізілуі және қарапайым халықтың еркін жүріп тұруының маңызы жайында бірауыздан келісті.

5. Иран, Ресей және Түркия Сирия Үкіметінің және оппозиялық топтардың өзара талқылап жатқан келісімшарттың дайындалуына көмектесуге және осы келісімшарттың кепілгері болуға дайын екендіктерін мәлімдейді. Осы аймақтағы жағдайға ықпал етіп отырған басқа барлық елдерді де осылайша әрекет етуге шақырады.

6. Олар (Иран, Ресей, Түркия) осы кездесудің БҰҰ Қауіпсіздік ұйымының №2254 шешімінің аясында Сириядағы саяси процестің қайтадан басталуы үшін керекті шарттардың қалыптасуына көмекші болатынына сенімді.

7. Министрлер Қазақстан Президентінің (Нұрсұлтан Назарбаев) осы кездесулердің (Сириядағы топтардың бейбіт кездесулері) Астанада өткізілуіне қатысты ұсынысын ескереді.

8. Иран, Ресей және Түркия ДАЕШ және Әл-Нусрамен ортақтасып күресу және қарулы оппозициялық күштерді олардан бөлуге қатысты шешімдерін растайды.

 

Талғат Мырзахметұлы

Abai.kz

0 пікір