Дүйсенбі, 18 Қараша 2019
Кәсіп-түбі нәсіп 2737 0 пікір 23 Маусым, 2016 сағат 12:34

«СƏЛЕМ, MOBILE!»

Ауылдың бəрі мобильденгелі жатыр.

Қазір жалақының бəрі банкомат карталары арқылы төленеді. Оны ауыл тұрғыны шешу үшін арнайы аудан орталығына не қалаға арнайы бару керек. Енді банкомат іздеудің қажеті жоқ, кез келген ұялы телефон болса болды. Ауылдағы Қазпочта бөлімшесіне барып, төлем қызметіне қосылып алады да, шоттағы ақшаны жаратып жүре береді.

Мысалы, ауыл тұрғыны дүкенге келеді. 50 теңге тұратын нанды алғысы келсе, телефоны арқылы 50 теңгені дүкеннің шотына (əр дүкеннің өз реттік нөмірі арқылы) аударады. Бұл жерде маңызды ескеретін жайт мынау: кез келген төлем картаңыз post.kz тіркелген болуы шарт (толығырақ өз тұрғылықты жеріңіздегі пошта бөлімшелерінен біле аласыз). Бір рет тіркейсіз де, телефон арқылы төлемдерді жасай бересіз. Сөйтіп, ақша түсті деген sms келсе, сатушы нанды береді. Болды. Бұл қызмет үшін мүмкіндіктері мықты смартфон немесе интернет керек емес. Қарапайым телефоннан да төлей береді.

Бұл қызметтің алғашқы нұсқасы Шортанды ауылындағы Барвиха дүкеніне орнатылыпты.

«Сəлем, mobile» төлемін қолдану ешкімге міндеттелмейді. Бірақ, өте ыңғайлы.

Бұл құрылғы Қазақстанның өзге де ауыл-аймақтарында орнатыла бастайды.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин мырза «Сəлем, mobile» төлем  құрылғысын таныстырып, түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Суретте: Ақпарат жəне коммуникациялар қызметінің министрі Абаев Дəурен мырза мен Қазпошта АҚ Басқарма Төрағасы Мусин Бағдат мырза жаңа қызметтермен таныстыруда

«Қазпошта ауыл тұрғындарына ыңғайлы қызметтер ұсынуды қолды. Тағы бір тиімді қызмет - "Сəлемдемелер супермаркеті". Басқа мемлекеттен, қаладан келген посылкалар арнайы сөрелерге қойылады. Тұрғындар арнайы нөмірлер арқылы өзіне келгенін таңдап алып кете береді. Бұрын жабық бөлмеге жиналатын, "келді ме екен, заттарымды ашып ақтарып жатқан шығар, жоғалтып тастамады ма екен" деген сияқты күдікті ойлар жинайтын посылканы қазір əркім өзі ашық сөрелерден көріп, алып кете алады. Салып жіберу керек болса да, бəрін өзі қорапқа салып, орап, жазуын толтырып, жібереді. Бір қызметкерге қарап отырмайды. Уақыт үнемдейді.

Элвира Ерғалина

abai.kz

0 пікір