Жұма, 26 Сәуір 2024
Айтқыш екен 5406 0 пікір 25 Маусым, 2016 сағат 15:32

ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛЫМЫЗДЫ АҢҒАРТАТЫН ӘЗІЛ ЕКЕН:

 Қалалық байшыкеш күнде шығатын газеттің редакциясына келіп:
– Сіздерге «Кімде-кім менің жоғалған итімді тапса, мың доллар беремін!» деген хабарландыру әкеп тастағаныма жарты айдан асты, неғып шықпай жатыр? – дейді.
– Ойбай-ау, одан бері газетіміз бір рет те шыққан жоқ! – дейді бас редактор.
– Неге?
– Шығаратын ешкім жоқ: қызметкерімнің бәрі қала кезіп, сіздің итіңізді іздеп кетті!
(Мереке көңілді өтсін, қаламдастар!)

Сәкен Сыбанбайдың FB-дағы парақшасынан алынды

0 пікір