Сенбі, 27 Сәуір 2024
Деп жатыр 4858 0 пікір 5 Сәуір, 2016 сағат 13:02

МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ОТБАСЫНДА 28 БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР

Моңғолия республикасының президенті Цахиагаийн Элбэгдорж өзінің бес баласынан бөлек 23 баланы бағып отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы pikabu.ru – ға сілтеме жасап.

Ақпарат құралдары Моңғолия президенті мемлекет басшыларының ішіндегі көп балалы әке екенін жазуда.

Львов әскери училищесін «Әскери тілші» мамандығы бойынша тәмамдаған Цахиагаийн Элбэгдорж Дж. Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінің де түлегі. 1963 жылы Моңғолияның Қобда аймағы Зэрег елді мекенінде дүниеге келген ол 75 жыл мемлекет басшылығында болған Моңғолия халық партиясын тайдырған 1990 жылғы бейбіт демократиялық төңкерістің серкесі болды. Әр жылдары екі мәрте Моңғолия премьер-министрі, Ұлы мемлекеттік хурал вице-спикері қызметін атқарды. Қазіргі лауазымына 2009 жылы 18 маусымда сайланды.

Цахиагаийн Элбэгдорждің келіншегі Хажидсуренгийн Болормаа Львов мемлекеттік университетін, АҚШ-тың Вирджиния штатында ұлттық бизнес және технология колледжін тәмамдаған. "Hope-Cancer-Free" ұлттық қорының негізін қалауші әрі төрағасы.

Моңғолия – парламенттік басқару жүйесіне ие республика. Заң шығарушы органы 76 депутаттан тұратын Ұлы мемлекеттік хурал аталады. Ол Үкіметті жасақтауда да шешуші рөлге ие.

Abai.kz

0 пікір