Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 7086 0 пікір 1 Қазан, 2015 сағат 07:43

КУӘГЕРЛЕРГЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТІЛГЕНІ ӨТІРІК

«Серік Ахметов» ісі бойынша сотқа куәгер ретінде шақырылған Мемлекеттік қызмет  және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Олеся Кексель куәгерлерге қысым жасалғаны жайындағы фактіні жоққа шығарды деп жазады bnews.kz сайты (Қараңыз:  http://bnews.kz/ru/news/post/294767/).  

«Сот процессі барысында сотталушыдан және оның қорғаушылары тарапынан қылмыстық іс бойынша куәгерлерге қысым көрсетілу фактілері бар екені жөнінде жедел топ қызметкерлері атына бірнеше рет айыптаулар айтылды. Мен, тергеу тобының жетекшісі ретінде осы мәселеге қатысты мынаны мәлімдегім келеді. Алдын ала тергеу барысында жауапталған барлық куәгерлер түсініктемелерін өз еріктерімен берді, олардың ешқайсына ешқандай қысым көрсетілген жоқ, түсініктемелер олардың қорғаушыларының қатысуымен алынды. Жауап алу барысында қылмыстық-процесуальдық заңнаманың барлық талаптары сақталды», – деп мәлімдеді О.Кексель.Ол сондай-ақ, «Куәгерлерден де, олардың қорғаушыларынан да жауап алу тәсілдеріне қатысты қандай да бір шағым түскен жоқ», -  деді.
«Қазір сот отырысына  қылмыстық істің тергелу барысына бақылау жүргізген бөлімнің процессуальдық прокуроры қатысып отыр. Менің ойымша, тергеу іс-әрекеттеріне қатысты ешқандай шағым түспегенін ол да мақұлдайды. Мен, тергеу тобының жетекшісі ретінде әрбір тергеу әрекетіне жеке бақылау жасадым, тергеушілердің бөлмелеріне кірдім, бірде бір адвокат пен куәгерден маған ешқандай шағым түскен жоқ», – деп мәлімдеді тергеу басқармасының жетекшісі.
Олеся Кексельден жауап алу барысында мемлекеттік айыптаушы бұдан бұрын өткен отырыстарда куәгер Шәкеновтен түсініктеме алынғанын, ол бір апта бұрын Қарағанды облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шақырылғанын, онда Олеся есімді белгісіз бір қыз бұған түсініктемесі жазылған хаттаманы бергенін мәлімдеді. Мемлекеттік айыптаушы бұл фактіге қатысты түсініктеме беруін сұрады.
«Куәгер Шакенов шынында да Қарағанды облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде болды, бірақ оны мен шақырған жоқпын. Оны қылмыстық істі тергеу ісі бойынша тергеуші Серіков шақырды. Куәгер Шәкенов департаменттің ғимаратына 18 қыркүйек күні 18 сағат 3 минут шамасында келді, мен өзімнің функциональдық міндеттемелерім шегінде ғана ол тергеушімен бірге дәлізбен кетіп бара жатқанда, одан сотқа шақырды ма деп сұрадым. Ол «жоқ» деп жауап берді де, өз түсініктемесінің көшірмесін сұрады. Бұл оның түсініктемесі, оны алдын ала тергеу барысында жауаптады, мен бұдан ешқандай заңға қайшы әрекет көрмедім, сосын оның түсініктемесінің көшірмесін бердім», – деді О.Кексель.

Ол сондай-ақ, басқа сұрақтар, мәселен, сот тергеуі барысында ол қандай түсініктемелер береді, не туралы айтады, ол жайында сұрағаным жоқ деп нақталады өз сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облыстық сотында аты-шулы қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, ондағы айыпталушылар саны –21 адам. Айыпталушылардың бірі Серік Ахметов – бұрынғы Қазақстанның Қорғаныс министрі, 2014 жылдың 18 қарашасында бюджет қаржысын ірі көлемде жымқырды деген айыппен үй қамаққа алынған.
Кейін Серік Ахметовке Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша алты қылмыс жасады деген айып тағылды. Оны ірі көлемдегі бөтен мүлікті иемденді және пара алды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айып тағылды. Бұған қоса оған ҚК-нің «Лауазымдық өкілдігін асыра пайдалану» бабы бойынша үш эпизод негізінде айып тағылды.

Тергеу нұсқасы бойынша Ахметовтың заңсыз іс-әрекеті салдарынан мемлекетке келген шығын бір миллиард теңгеден астам қаржыны құрайды. Прокурорлар сотқа Ахметовке қатысты, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Смағұловқа, сондай-ақ республикалық, облыстық деңгейдегі басқа да бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 326 томнан тұратын қылмыстық істі тапсырды.

Abai.kz  

 

 

0 пікір