Бейсенбі, 27 Ақпан 2020
Жаңалықтар 2785 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 09:30

РЕСЕЙ АРНАСЫ КРАСНОДАРДЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫП ЖІБЕРДІ

Ресейлік «Матч ТВ» арнасының тұсаукесеріне арналған жиында Краснодар өлкесі Қазақстанның аймағы ретінде көрсетілді.

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Телеарнаның презентациясы барысында “Газпром-Медиа Холдинг” директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Чернышенко жаңа арнаның таралатын аймақтары жазылған картаны көрсетті. Алайда, аталған картада көптеген қалалар өз орындарынан «қозғалып» кеткен.

Картада Мәскеу Самара мен Саратов арасында орналасса, Қазанды авторлар Омбы жаққа ығыстырып жіберіпті. Красноярск Кызыл және Иркутск арасындағы кішігірім ауданға жайғасса, Краснодар Қазақстанға «көшкен». Авторлар Краснодар аймағын Каспий теңізінің шығыс жағалауына орналастырыпты.

Сондай-ақ, аталған картада Париж Германияның оңтүстігінде, Мюнхен Польшада деп көрсетілген.

Абай-ақпарат

0 пікір