Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020
Билік 3203 0 пікір 28 Қараша, 2015 сағат 19:09

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 750 ЛИТР ҚЫМЫРАН ӨНДІРЕДІ

Отырарлықтар жыл басынан бері 600 тоннадан астам шұбат өндірді. Бұл туралы abai.kz порталы Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Отырар ауданында түйе сүтін өндіретін екі кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың бірі тәулігіне 2500 литрге дейін ағарған шығаратын «Үсенов Н» шаруақожалығы. Кәсіпкер Түркімен елінен 376 бас асыл тұқымды «Дромодер» түйелерін әкеліп, Маяқұм ауылының жайылымына бейімдеген. Аталған өндіріс орны үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып, бүгінде айран, сүт және шұбат өнімдерін шығаруда. Күніне 5 тоннаға дейін шұбат дайындауға қауқарлы шаруақожалық 1 литрлік бөтелкеге құйылған «Маяқұм шұбатын» еліміздің өңірлеріне жөнелтуде. Сондай-ақ, Маяқұм шұбаты «Қазақстандағы ең үздік тауар» атанған. Алғашқы жылдары цехта тәулігіне 400 тоннаға дейін шұбат өндірілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 1350 тоннаға жетіп отыр. Кәсіп иесі алдағы уақытта қытайлық кәсіпкерлермен бірлесе отырып, түйе сүтін ұнтақ күйінде экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Сонымен қатар, Отырар ауданы Шілік ауылында «Гүлмайра» шаруа қожалығы «Отырар шұбаты» деген сауда белгісімен шұбат өндіруде. Қазіргі таңда қожалық тәулігіне 750 литр қымыран өндірсе, айына 22 тоннадан астам ағарған өндіреді. Бүгінде түйе сүті Қазақстанның бірнеше қалаларына таратылып экспортталуда. Бұл шипалы шұбат өндiрiсiне шетелдік тауар өндiрушiлер қызығушылық танытып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір