Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3945 0 пікір 24 Маусым, 2015 сағат 17:28

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы  inform.kz жазды.

 Аталған заң жобасы ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздіктің қағидаттары мен негізгі талаптарын белгілеуге бағытталған.

Бұдан бөлек, құжатты қабылдау атом энергиясын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамту және оны реттеудегі атом энергиясын пайдаланатын мекемелерге қауіпсіздік деңгейінің талаптарын орындауға, оларды жүзеге асыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, заң жобасы қоршаған ортаны қорғауды көздейді, яғни, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік уәкілеттілігін нақтылау арқылы қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдары анықталады»,- деді заң жобасы бойынша баяндаған Энергетика министрі Владимир Школьник.

Оның айтуына қарағанда, қолданыстағы «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң бұдан 15 жыл бұрын, сол кезеңдегі еліміздің атомдық тәжірибелері, ядролық технологияларды қолдану деңгейі мен атом өнеркәсібі жағдайлары есепке алына отырып, қабылданған болатын.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда медицинада, өнеркәсіп пен ғылымда қолданылатын 5 ядролық қондырғы, 4 радиоактивтік қалдықтар қоймалары, жүздеген радиациялық қондырғылар, бірнеше мың сәулелер иондайтын орындар бар. Қазақстанда атом энергиясын пайдалану жұмыстарын жүргізуге 3 мыңнан астам лицензиялар берілген. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілер саны да артып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан осы уақыт аралығында атом энергиясын пайдалану саласындағы бірқатар халықаралық конвенцияларға да қосылып отыр», - дейді В. Школьник.

Оның айтуынша, жаңа редакциядағы заң жобасын әзірлеу де осыған байланысты туындаған. Ал бұл құжатты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражатты арттырмайды әрі теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырмайды. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір