Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5918 0 пікір 29 Маусым, 2015 сағат 12:08

ӘБІҚАЕВ: "ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ" ДЕУ ДҰРЫС ЕМЕС

Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында ҰҚК бастығы Нұртай Әбіқаев:

"Өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын "Даиш" лаңкестік ұйымы шын мәнінде діни-экстремистік интернационалға айналды, онда түрлі елдердің ондаған мың азаматы мүше. Айта кетейік, саясаткерлер мен тілшілердің "Даишке" қатысты "Ислам мемлекеті" атауын қолдануын дұрыс деп есептемейміз. "Мемлекет" деген сөзді қолдану бұл жағдайда ұйымды бүркеме мәнде лигитимді етіп көрсетеді, бұл дегеніңіз қателік. Олар өздерін қалай атаса да, арнайы қызметтерде біз "Даиш" қысқармасын қолданамыз", - деп мәлімдеме жасады.

Комитет төрағасы Сириядағы қазақстандықтар туралы: "Қазіргі уақытта Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығысқа 150-ден аса қазақстандық қатысып жатыр, олармен бірге содырлардың 200-ден аса әйелі, жесірі және баласы бар. Кей тілшілер мұндай адамдардың жолын неге бөгеуіміз керектігін сұрайды және өлімге бас тіксе өз таңдауының солай болғаны екенін айтады. Ауғанстанда, Сирияда және Иракта ондаған адамның өз таңдауымен қаза болғанын айтады. Алайда біз азаматтарымыздың лаңкес болып, қаза тауып жатқанын қалыпты жағдай деп қабылдамаймыз. Сонымен қатар, сол адамдардың кейбіреуінің рухани-адамгершілік ұстанымдарынан шатасып, лаңкестік күрес пен өзі секілділерді жою бойынша кәсіби дайындық өткеннен кейін ниеті бұзылып, санасы уланған күйі қайтатынын білеміз", - дейді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір